Маңғыстау облысында қаза тапқан әскерилердің отбасыларына қаржылай көмек теңдей бөлінді

© Пресс-служба акимата Мангистауской областиМаңғыстау облысындағы трагедия
Маңғыстау облысындағы трагедия - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.10.2026
Жазылу
Алайда әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарының өтінішін ескере отырып, төлемдердің нақты сомасы мен қаражат алушылардың дербес деректері жария етілмейді
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Маңғыстау облысында қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қаржылай көмек теңдей бөлінді. Бұл туралы Маңғыстау облысы қоғамдық кеңесінің төрағасы Бекмұрат Жүсіпов хабарлады.
Ол Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқандардың отбасыларына және зардап шеккен әскери қызметшілерге қажетті барлық көмек пен қолдау көрсетіліп жатқанын айтты.
"Комиссия жұмысының қорытындысы бойынша қорға түскен барлық қаражат Комиссия қабылдаған шешімдерге сәйкес және заңнамада белгіленген тәртіппен қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына әділ әрі теңдей бөлінді. Сонымен қатар, орын алған оқиғадан аман қалған әскери қызметшілерге де жеке төлемдер қарастырылды. Оларға көрсетілген материалдық көмектің мөлшері Комиссия шешімдеріне сәйкес белгіленді", - дедіЖүсіпов.
Белгілі болғандай, әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарының өтінішін ескере отырып, сондай-ақ олардың қауіпсіздігі мен жеке мәліметтерінің құпиялылығын сақтау мақсатында төлемдердің нақты сомасы мен қаражат алушылардың дербес деректері жария етілмейді.
Еске салайық, Маңғыстаудағы трагедиядан кейін еліміздің ірі кәсіпорындары, кәсіпкерлері мен меценаттарынан түскен қаржыны жинақтау үшін арнайы "Ұлттық рух" қоры белгіленді.
Түскен қаражаттың әділ әрі мақсатты бөлінуін қамтамасыз ету үшін арнайы Комиссия құрылды. Оның құрамына құқық қорғау органдары мен қоғам өкілдері, Құрылтай депутаттары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, қоғамдық кеңестер мен мәслихаттардың өкілдері кірді.
Маңғыстау облысында әскери қызметкерлерді іздеу жұмыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2026
Каспийдегі трагедия: Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы қамауға алынды
Жаңалықтар
0