Каспийдегі трагедия: Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы қамауға алынды

© Пресс-служба акимата Мангистауской областиМаңғыстау облысында әскери қызметкерлерді іздеу жұмыстары
Маңғыстау облысында әскери қызметкерлерді іздеу жұмыстары - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2026
Жазылу
Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігі хабарлады
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Каспий теңізінде болған қайғылы оқиғадан кейін Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы қамауға алынды.
Бұл жөнінде Ішкі істер министрлігі хабарлады.
Қылмыстық істі министрліктің әскери-тергеу құрылымы қозғап отыр. Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы қызметтік міндеттерін орындау кезінде салғырттық танытқаны үшін айыпталды. Ол уақытша ұстау изоляторына тоғытылды.
Айта кетері, Каспийдегі трагедияға дейін Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы қызметін Қанат Ниязбеков атқарған. Оның 1-дережелі капитан атағы да бар.
Ант беру сәті - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2026
Маңғыстаудағы трагедия: комиссия әскерилерге әлімжеттік жасау фактілерін анықтады
Жаңалықтар
0