https://sputnik.kz/20261005/mangystaudagy-tragediya-komissiya-askerilerge-alimzhettik-zhasau-faktilerin-anyqtady-67323384.html
Маңғыстаудағы трагедия: комиссия әскерилерге әлімжеттік жасау фактілерін анықтады
Маңғыстаудағы трагедия: комиссия әскерилерге әлімжеттік жасау фактілерін анықтады
Sputnik Қазақстан
Тергеу аяқталған соң олардың әрекетіне түбегейлі құқықтық баға беріледі 05.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-05T17:50+0500
2026-10-05T17:50+0500
2026-10-05T17:52+0500
президент
қорғаныс министрлігі
маңғыстау облысы
https://sputnik.kz/img/236/05/2360597_60:0:1139:607_1920x0_80_0_0_91c1595b15442f935787570147c6b9b1.jpg
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысына Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия жұмысының алғашқы нәтижелері туралы есеп берілдіКомиссия төрағасы Аида Балаева тексерістің негізгі бағыттары жөніндегі қорытындыны баяндады. Алдын ала тергеу нәтижесі әскери іс-шараларды жоспарлау кезінде өрескел қателіктер жіберілгенін және бұған дейінгі басшылық тарапынан тиісті қадағалау болмағанын көрсетті.Мемлекет басшысы алғашқы кадрлық шешімдер қабылданғанын, алайда әскери қызметшілердің қазасына кінәлі лауазымды тұлғалардың барлығы заңға сәйкес жауапкершілікке тартылуға тиіс екенін мәлімдеді. Аталған мәселе Президенттің жеке бақылауында болады.Маңғыстау облысындағы трагедияның жай-жапсарын зерттеу барысында оқу-жаттығу жиындарын дайындау және жоспарлау кезінде тәуекелдерді бағалау, десант түсіруді ұйымдастыру және әскерилердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты елеулі кемшіліктерге жол берілгені анықталды.Қолбасшылық құрамның қылмысқа парапар салғырттығы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Бес лауазымды тұлға тұтқындалды. Тергеу аяқталған соң олардың әрекетіне түбегейлі құқықтық баға беріледі.Қасым-Жомарт Тоқаев Комиссияға Қорғаныс министрлігінің жаңа басшылығымен бірлесіп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.
https://sputnik.kz/20260926/kaspiydegi-tragediya-ayasynda-mangystau-oblysynda-birneshe-tagayyndau-boldy-67038076.html
https://sputnik.kz/20260926/mangystau-oblysyndagy-qaygyly-oqigaga-qatysty-zhalgan-malimetter-taragan-67056194.html
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/236/05/2360597_195:0:1004:607_1920x0_80_0_0_44ef37e332a6f4562f184731d3efbfd3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, қорғаныс министрлігі, маңғыстау облысы
президент, қорғаныс министрлігі, маңғыстау облысы
Маңғыстаудағы трагедия: комиссия әскерилерге әлімжеттік жасау фактілерін анықтады
17:50 05.10.2026 (жаңартылды: 17:52 05.10.2026) Тергеу аяқталған соң олардың әрекетіне түбегейлі құқықтық баға беріледі
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Мемлекет басшысына Қорғаныс министрлігін тексеру жөніндегі комиссия жұмысының алғашқы нәтижелері туралы есеп берілді
Комиссия төрағасы Аида Балаева тексерістің негізгі бағыттары жөніндегі қорытындыны баяндады. Алдын ала тергеу нәтижесі әскери іс-шараларды жоспарлау кезінде өрескел қателіктер жіберілгенін және бұған дейінгі басшылық тарапынан тиісті қадағалау болмағанын көрсетті.
Мемлекет басшысы алғашқы кадрлық шешімдер қабылданғанын, алайда әскери қызметшілердің қазасына кінәлі лауазымды тұлғалардың барлығы заңға сәйкес жауапкершілікке тартылуға тиіс екенін мәлімдеді. Аталған мәселе Президенттің жеке бақылауында болады.
"Тексерістің бірінші кезеңінің қорытындысы бойынша қылмыстық қудалау органдары мемлекет мүлкін талан-таражға салу, қызметін асыра пайдалану фактілеріне, сондай-ақ Қорғаныс министрлігіне қарасты ұйымдар мен құрылымдық бөлімшелер қызметіндегі басқа да заң бұзушылықтарға қатысты 13 қылмыстық іс қозғады", - деп жазылған хабарламада.
Маңғыстау облысындағы трагедияның жай-жапсарын зерттеу барысында оқу-жаттығу жиындарын дайындау және жоспарлау кезінде тәуекелдерді бағалау, десант түсіруді ұйымдастыру және әскерилердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатысты елеулі кемшіліктерге жол берілгені анықталды.
Қолбасшылық құрамның қылмысқа парапар салғырттығы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасып жатыр. Бес лауазымды тұлға тұтқындалды. Тергеу аяқталған соң олардың әрекетіне түбегейлі құқықтық баға беріледі.
"Сонымен қатар әскери тәртіп пен алдын алу жұмыстарында біршама кемшілік бары анықталды. Әскерилерге әлімжеттік жасау, жарғыға қайшы әрекет ету фактілері әшкереленіп, қылмыстық істер қозғалды", - дейді комиссия өкілдері.
Қасым-Жомарт Тоқаев Комиссияға Қорғаныс министрлігінің жаңа басшылығымен бірлесіп, анықталған кемшіліктерді жою жөнінде нақты ұсыныстар әзірлеуді тапсырды.