https://sputnik.kz/20261009/kaspiydi-itbalyqsyz-elestetu-mumkin-emes---toqaev-67447504.html
Тоқаев ТМД елдерін Каспийдегі биоалуантүрлілікті сақтауда белсенділік танытуға шақырды
Тоқаев ТМД елдерін Каспийдегі биоалуантүрлілікті сақтауда белсенділік танытуға шақырды
Sputnik Қазақстан
Заңсыз балық аулауға және биологиялық ресурстардың көлеңкелі айналымымен күреске баса мән беру қажет, деді президент 09.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-09T19:06+0500
2026-10-09T19:06+0500
2026-10-09T19:11+0500
президент
экология
каспий
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/09/67446739_0:61:1281:781_1920x0_80_0_0_768310d85c85ac007130ee66cc8b4460.jpg
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий экология саммитінде сөйлеген сөзінде Каспийдегі биоалуантүрлілікті сақтау үшін қосымша шараларды қолға алудың маңызына тоқталды.Оның пікірінше, теңіздің тартылуы, табиғи өмір сүру ортасының өзгеруі, ластану және антропогендік жүктеменің артуы уылдырық шашатын орындарды қалпына келтіру, сондай-ақ өзен аңғарларындағы экожүйені, флора мен фаунаның ерекше осал түрлерін қорғау жұмыстарын күшейтуді талап етеді.Ол бұл мәселені ұжымдық күш-жігер арқылы ғана шешуге болатынын және осы орайда цифрлық мониторинг құралдарын қолданғану дұрыс болатынын айтты."Қазақстан осы ортақ жұмысқа Каспий итбалығы мен оның тіршілік ету ортасын сақтау мақсатында құрылған мемлекеттік табиғи резерват әлеуетін жұмылдыруға әзір. Итбалықтардың тіршілік циклі үшін өте маңызды аймақтарда антропогендік әсерді барынша азайту мақсатында экологиялық дәліздерді сақтау мәселесіне де баса мән берген жөн. Сайып келгенде, Каспийді итбалықсыз елестету мүмкін емес", - деді Тоқаев.Президент Қазақстан Биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық қор құру жұмысын қолға алғанын айтты."Оның мақсаты – табиғатты қорғау ісінде әлемдік қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіру. Каспий теңізінің бірегей экожүйесі мен сирек кездесетін түрлерді қорғау қор қызметінің маңызды бағыттарының бірі болады. Қор жұмысына белсенді атсалысып, бірлескен нақты жобаларды іске асыруға шақырамын", – деді мемлекет басшысы.
https://sputnik.kz/20261009/kaspiy-tenizi-akvatoriyasynyn-tartylgan-aumagy-16-myn-sharshy-shaqyrymnan-asty-67446903.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/09/67446739_79:0:1200:841_1920x0_80_0_0_9214527f5d32aa1b5da01f85070260f1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, экология, каспий
президент, экология, каспий
Тоқаев ТМД елдерін Каспийдегі биоалуантүрлілікті сақтауда белсенділік танытуға шақырды
19:06 09.10.2026 (жаңартылды: 19:11 09.10.2026) Заңсыз балық аулауға және биологиялық ресурстардың көлеңкелі айналымымен күреске баса мән беру қажет, деді президент
АСТАНА, 9 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Каспий экология саммитінде сөйлеген сөзінде Каспийдегі биоалуантүрлілікті сақтау үшін қосымша шараларды қолға алудың маңызына тоқталды.
Оның пікірінше, теңіздің тартылуы, табиғи өмір сүру ортасының өзгеруі, ластану және антропогендік жүктеменің артуы уылдырық шашатын орындарды қалпына келтіру, сондай-ақ өзен аңғарларындағы экожүйені, флора мен фаунаның ерекше осал түрлерін қорғау жұмыстарын күшейтуді талап етеді.
"Солтүстік Арал тәжірибесі инженерлік шаралар мен табиғатқа бағдарланған ғылыми тәсілдерді ұштастыру су шаруашылығына қатысты және экологиялық міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік беретінін көрсетті. Сонымен қатар жағалаудағы аумақтарды сақтап, климаттық өзгерістердің салдарын жеңілдетуге болатынын дәлелдеді. Заңсыз балық аулауға және биологиялық ресурстардың көлеңкелі айналымымен күреске баса мән беру қажет", - деді президент.
Ол бұл мәселені ұжымдық күш-жігер арқылы ғана шешуге болатынын және осы орайда цифрлық мониторинг құралдарын қолданғану дұрыс болатынын айтты.
"Қазақстан осы ортақ жұмысқа Каспий итбалығы мен оның тіршілік ету ортасын сақтау мақсатында құрылған мемлекеттік табиғи резерват әлеуетін жұмылдыруға әзір. Итбалықтардың тіршілік циклі үшін өте маңызды аймақтарда антропогендік әсерді барынша азайту мақсатында экологиялық дәліздерді сақтау мәселесіне де баса мән берген жөн. Сайып келгенде, Каспийді итбалықсыз елестету мүмкін емес", - деді Тоқаев.
Президент Қазақстан Биоалуантүрлілікті сақтау жөніндегі халықаралық қор құру жұмысын қолға алғанын айтты.
"Оның мақсаты – табиғатты қорғау ісінде әлемдік қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіру. Каспий теңізінің бірегей экожүйесі мен сирек кездесетін түрлерді қорғау қор қызметінің маңызды бағыттарының бірі болады. Қор жұмысына белсенді атсалысып, бірлескен нақты жобаларды іске асыруға шақырамын", – деді мемлекет басшысы.