https://sputnik.kz/20261008/toqaev-pen-berdimukhamedov-eki-eldin-birlesken-zhobalardy-zhuzege-asyru-barysyn-talqylady-67413946.html
Тоқаев пен Бердімұхамедов екі елдің бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады
Тоқаев пен Бердімұхамедов екі елдің бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады
Sputnik Қазақстан
Кездесуде тараптар ықпалдастықтың барлық бағытында оң динамика байқалатынына тоқталды 08.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-08T16:58+0500
2026-10-08T16:58+0500
2026-10-08T16:58+0500
президент
қазақстан
түрікменстан
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/08/67413498_0:70:1280:790_1920x0_80_0_0_d8899f63f92c403074416fe25d5865d3.jpg
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапары аясында Сердар Бердімұхамедовпен кездесті, деп хабарлады Ақорда.Мемлекет басшысы ықыласпен қарсы алып, қонақжайлық танытқаны үшін Түрікменстан президентіне алғыс айтты. Сондай-ақ достыққа, тату көршілікке және өзара қолдауға негізделген қазақ-түрікмен қарым-қатынасының жоғары деңгейде екенін айтты.Кездесуде тараптар ықпалдастықтың барлық бағытында оң динамика байқалатынына тоқталды.Бұдан бөлек, мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге баса назар аударылды.Сонымен қатар алдағы бірлескен іс-шаралар кестесі қарастырылды.
https://sputnik.kz/20260702/qazaqstan-men-turikmenstan-ozara-saudany-1-mlrd-dollarga-zhetkizudi-kozdep-otyr-64601242.html
қазақстан
түрікменстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/08/67413498_67:0:1214:860_1920x0_80_0_0_6222dae285a122e690567ddf54fb68ff.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
президент, қазақстан, түрікменстан
президент, қазақстан, түрікменстан
Тоқаев пен Бердімұхамедов екі елдің бірлескен жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады
Кездесуде тараптар ықпалдастықтың барлық бағытында оң динамика байқалатынына тоқталды
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапары аясында Сердар Бердімұхамедовпен кездесті, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшысы ықыласпен қарсы алып, қонақжайлық танытқаны үшін Түрікменстан президентіне алғыс айтты. Сондай-ақ достыққа, тату көршілікке және өзара қолдауға негізделген қазақ-түрікмен қарым-қатынасының жоғары деңгейде екенін айтты.
Кездесуде тараптар ықпалдастықтың барлық бағытында оң динамика байқалатынына тоқталды.
"Мемлекеттер басшылары бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды, сондай-ақ энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және басқа да салалардағы бірлескен перспективті жобаларды жүзеге асыру барысын талқылады", - деп жазылған хабарламада.
Бұдан бөлек, мәдени-гуманитарлық байланыстарды кеңейтуге баса назар аударылды.
Сонымен қатар алдағы бірлескен іс-шаралар кестесі қарастырылды.