Қазақстан мен Түрікменстан өзара сауданы 1 млрд долларға жеткізуді көздеп отыр

© пресс-служба МИД КазахстанаГлава МИД Казахстана Ермек Кошербаев встретился с главой МИД Туркменистана Рашидом Мередовым
Глава МИД Казахстана Ермек Кошербаев встретился с главой МИД Туркменистана Рашидом Мередовым - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2026
Жазылу
Екі елдің сауда айналымы 6,8%-ға өсіп, 180 млн долларға жетті
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik.Ашхабатта Қазақстан сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Түрікменстан министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен келіссөз өткізді.
Келіссөздердің негізгі тақырыптарының бірі сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту болды. 2026 жылдың алғашқы төрт айының қорытындысы бойынша өзара сауда көлемі 6,8%-ға өсіп, шамамен 180 млн АҚШ долларына жеткені аталып өтті.
"Мемлекет басшыларының тапсырмасына сәйкес тараптар бұл көрсеткішті 1 млрд АҚШ долларына жеткізуге дайын екендіктерін растады", - деп жазылған Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.
Министрлер 2026 жылғы 24 маусымда Астанада өткен Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түрікменстан үкіметаралық комиссиясының 14-отырысының қорытындыларын жоғары бағалап, оның бірлескен жобаларды ілгерілетудегі маңызды рөлін атап өтті.
Келіссөздер қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі мен Түрікменстан Сыртқы істер министрлігі арасындағы 2027–2028 жылдарға арналған ынтымақтастық бағдарламасына қол қойылды.
Госвизит президента Туркменистана Сердара Бердымухамедова  в Казахстан - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.11.2025
Қазақстан мен Түрікменстан арасында тасымал көлемі он айда 14 пайыз ұлғайды – Тоқаев
Жаңалықтар
0