"Испанияға футболдан жарысқа барады": Астана тұрғыны ата-аналарды алдап соқты

© Pixabay / Andy03Футбол добы
Футбол добы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.10.2026
Жазылу
9 жәбірленушілерге келтірілген материалдық залалдың жалпы сомасы 24 млн теңгеден асты
АСТАНА, 8 қазан – Sputnik. Астанада балаларды халықаралық футбол турниріне апаруды сылтау етіп жасалған алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды, деп хабарлады Бас прокуратура.
Сотталған адам ата-аналарды жас футболшылардың Испанияға "барлығы қамтылған" тарифі бойынша сапары ұйымдастырылатынына сендірген.
"Турнирге қатысу ақысын, әуе билеттерін, визалық қызметтерді, балаларды алып жүру және спорттық киім сатып алу шығындарын төлеу деген түрлі сылтаулармен жәбірленушілерден ақшалай қаражат алған. Алайда іс жүзінде өзіне алған міндеттемелерін орындамай, алынған ақшаны өз қалауы бойынша пайдаланған", - деп жазылған хабарламада
9 жәбірленушілерге келтірілген материалдық залалдың жалпы сомасы 24 млн теңгеден асты.
Сот үкімімен қаскөйге 3 жыл 2 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Келтірілген залал сотталған адамнан өндіріп алынды.
Еңбек кітапшасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2026
"Англияға жұмысқа орналастырамын": Көкшетау тұрғыны 100-ге жуық адамды алдап соққан
Жаңалықтар
0