https://sputnik.kz/20261006/angliyaga-zhumysqa-ornalastyramyn-kokshetau-turgyny-100-ge-zhuyq-adamdy-aldap-soqqan-67358486.html
"Англияға жұмысқа орналастырамын": Көкшетау тұрғыны 100-ге жуық адамды алдап соққан
"Англияға жұмысқа орналастырамын": Көкшетау тұрғыны 100-ге жуық адамды алдап соққан
Sputnik Қазақстан
Ол 92 азаматқа тиесілі жалпы сомасы шамамен 70 млн теңге ақшалай қаражатты иемденген 06.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-06T22:50+0500
2026-10-06T22:50+0500
2026-10-06T22:50+0500
ақмола облысы
жұмыс берушілер
алаяқтық
https://sputnik.kz/img/772/76/7727650_0:224:4001:2474_1920x0_80_0_0_6bfd1048052e591acf962740d8c79102.jpg
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Көкшетау тұрыны шетелде жұмысқа орналастыруға уәде беріп, алаяқтық жасағаны үшін сотталды, деп хабарлады Ақмола облыстық соты.Сотта анықталғандай, 2024 жылдан бастап Көкшетау қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер азаматтарға шетелде жұмысқа орналасу үшін құжаттарды рәсімдеу бойынша қызмет көрсетумен айналысқан.Ол әлеуметтік желіде өзін блогер ретінде таныстырып, көрсететін қызметтері туралы ақпарат орналастырған. Азаматтарды адастыра отырып, шетелде жұмысқа орналастыру туралы шарттар жасасқан, виза мен медициналық сақтандыруды рәсімдеуге уәде берген, Англияға ұшу уақытын талқылаған және көрсетілетін қызметтері үшін ақшалай қаражат алған.Ол қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде Көкшетау, Астана, Қарағанды қалаларының, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының 92 азаматына тиесілі жалпы сомасы шамамен 70 млн теңге ақшалай қаражатты иемденген.Сот үкімімен оған 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, сондай-ақ азаматтардың ақшалай қаражатын коммерциялық және өзге де қызметке тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға айырылды.Алайда оның кәмелетке толмаған екі баласының болуына байланысты бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу 1 жылға кейінге қалдырылды.28 жәбірленушінің азаматтық талап қоюлары қанағаттандырылып, жәбірленушілердің пайдасына әрқайсысына 200 мың теңгеден бастап 1 миллионнан астам теңгеге дейін сомада келтірілген материалдық залал өндірілді.Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
https://sputnik.kz/20260107/zhumysqa-ornalastyramyn-oralda-er-adam-9-mln-tengesinen-ayyryldy----60216966.html
ақмола облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/772/76/7727650_202:0:3797:2696_1920x0_80_0_0_ecd16d1338dd7d81b349071044ac14bf.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ақмола облысы, жұмыс берушілер, алаяқтық
ақмола облысы, жұмыс берушілер, алаяқтық
"Англияға жұмысқа орналастырамын": Көкшетау тұрғыны 100-ге жуық адамды алдап соққан
Ол 92 азаматқа тиесілі жалпы сомасы шамамен 70 млн теңге ақшалай қаражатты иемденген
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Көкшетау тұрыны шетелде жұмысқа орналастыруға уәде беріп, алаяқтық жасағаны үшін сотталды, деп хабарлады Ақмола облыстық соты.
Сотта анықталғандай, 2024 жылдан бастап Көкшетау қаласының тұрғыны, жеке кәсіпкер азаматтарға шетелде жұмысқа орналасу үшін құжаттарды рәсімдеу бойынша қызмет көрсетумен айналысқан.
Ол әлеуметтік желіде өзін блогер ретінде таныстырып, көрсететін қызметтері туралы ақпарат орналастырған. Азаматтарды адастыра отырып, шетелде жұмысқа орналастыру туралы шарттар жасасқан, виза мен медициналық сақтандыруды рәсімдеуге уәде берген, Англияға ұшу уақытын талқылаған және көрсетілетін қызметтері үшін ақшалай қаражат алған.
"Құжаттарды жалған рәсімдеп, қызмет үшін әрбір жүгінген азаматтан 250 мыңнан 1 миллион теңгеге дейін ақша алған. Ақшаны алғаннан кейін өзіне алған міндеттемелерін орындамаған және жауапкершіліктен жалтарған (кездесулерден қашқан, телефон қоңырауларына жауап бермеген)", - деп жазылған хабарламада.
Ол қылмыстық әрекеттерінің нәтижесінде Көкшетау, Астана, Қарағанды қалаларының, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының 92 азаматына тиесілі жалпы сомасы шамамен 70 млн теңге ақшалай қаражатты иемденген.
Сот үкімімен оған 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, сондай-ақ азаматтардың ақшалай қаражатын коммерциялық және өзге де қызметке тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға айырылды.
Алайда оның кәмелетке толмаған екі баласының болуына байланысты бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны өтеу 1 жылға кейінге қалдырылды.
28 жәбірленушінің азаматтық талап қоюлары қанағаттандырылып, жәбірленушілердің пайдасына әрқайсысына 200 мың теңгеден бастап 1 миллионнан астам теңгеге дейін сомада келтірілген материалдық залал өндірілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.