"Жалған құжат ұсынған": Астанада автосалон директоры алты адамды алдады

© Sputnik / Владислав ВодневКазахстанский автосалон
Казахстанский автосалон - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2026
Жазылу
Сатып алушылардан алған ақшаны жеке мақсаттарына жұмсаған
АЛМАТЫ, 6 қазан – Sputnik. Астанада сатып алушыларды алдаған автосалон директоры сотталды, деп хабарлайды қалалық прокуратура.
Ол бір жыл бойы клиенттермен Қытайдан автокөлік сатып алу және жеткізу бойынша брондау шарттарын жасасқан.
"Сатып алушылардан алған ақшаны жеке мақсаттарына жұмсаған. Автокөліктерді жеткізу жөніндегі міндеттемелерін орындап жатқандай көрсету үшін жәбірленушілерге банктік аударымдар жасалғаны туралы жалған құжаттар ұсынған", - дейді прокуратура.
Сотталушының әрекетінен алты адам зардап шегіп, оларға 128 млн теңгеден астам материалдық залал келтірілген.
Сот үкімімен автосалон директоры 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.
Льготное автокредитование - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2026
Клиенттерді 118 млн теңгеге алдаған автосалон менеджері шетелде ұсталды
Жаңалықтар
0