https://sputnik.kz/20261007/tatyana-saveleva-qorganys-ministrinin-orynbasary-boldy-67367174.html
Татьяна Савельева қорғаныс вице-министрі болды
Татьяна Савельева қорғаныс вице-министрі болды
Sputnik Қазақстан
Бұған дейін бұл қызметті атқарған Әскер Бейсенов лауазымынан босатылды 07.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-07T12:00+0500
2026-10-07T12:00+0500
2026-10-07T13:39+0500
қорғаныс министрлігі
кадрлық тағайындаулар
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/07/67368870_0:0:1278:719_1920x0_80_0_0_d6b159cf6dbd316f35267363da00ea37.jpg
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Татьяна Савельева қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.Еске сала кетейік, бүгін Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеттігі өзінің өтініші бойынша тоқтатылған болатын.Татьяна Савельева туралы не білеміз1976 жылы 11 сәуірде Ақмола облысының Целиноград қаласында дүниеге келген .1994 жылы ҚР ҚМ Ақмола құрылыс техникумын "Техник менеджер" мамандығы бойынша, 2001 жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін "Экономист-менеджер" мамандығы бойынша бітірген. 2007 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің экономика магистрі дипломын алды.Еңбек жолын 1992 жылы Ақмола қ. коммерциялық байланыстар Бюросының МЧП хатшысы болып бастады.Әр жылдары қаржы, бюджет және экономикалық жоспарлау салаларында түрлі қызметтер атқарды.2013-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларын жоспарлау және еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру департаментінің директоры.2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры.2016-2023 жылдары – Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі.2023 жылғы наурыздан бастап – VII сайланған ҚР парламенті мәжілісінің депутаты болды.2026 жылдың тамызында Құрылтай депутаты болып сайланды. Алайда бүгін депутаттық мандатын мерзімінен бұрын тоқтатты.Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген. Тұрмыста, екі ұлы бар.
https://sputnik.kz/20261007/quryltay-deputaty-qyzmetinen-ketuge-otinish-berdi-67364344.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/07/67368870_0:0:960:719_1920x0_80_0_0_26e33a0569980bc541d54b8ebb3df4b6.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қорғаныс министрлігі, кадрлық тағайындаулар
қорғаныс министрлігі, кадрлық тағайындаулар
Татьяна Савельева қорғаныс вице-министрі болды
12:00 07.10.2026 (жаңартылды: 13:39 07.10.2026) Бұған дейін бұл қызметті атқарған Әскер Бейсенов лауазымынан босатылды
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Татьяна Савельева қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды, деп хабарлады Ақорда.
"Мемлекет басшысының өкімімен Татьяна Михайловна Савельева Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымына тағайындалды", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, бүгін Құрылтай депутаты Татьяна Савельеваның өкілеттігі өзінің өтініші бойынша
тоқтатылған болатын.
Татьяна Савельева туралы не білеміз
1976 жылы 11 сәуірде Ақмола облысының Целиноград қаласында дүниеге келген .
1994 жылы ҚР ҚМ Ақмола құрылыс техникумын "Техник менеджер" мамандығы бойынша, 2001 жылы С.Сейфуллин атындағы Ақмола аграрлық университетін "Экономист-менеджер" мамандығы бойынша бітірген. 2007 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің экономика магистрі дипломын алды.
Еңбек жолын 1992 жылы Ақмола қ. коммерциялық байланыстар Бюросының МЧП хатшысы болып бастады.
Әр жылдары қаржы, бюджет және экономикалық жоспарлау салаларында түрлі қызметтер атқарды.
2013-2014 жылдары – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларын жоспарлау және еңбекақы төлеу жүйесін жетілдіру департаментінің директоры.
2014-2016 жылдары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің бюджеттік жоспарлау департаментінің директоры.
2016-2023 жылдары – Қазақстан Республикасының қаржы вице-министрі.
2023 жылғы наурыздан бастап – VII сайланған ҚР парламенті мәжілісінің депутаты болды.
2026 жылдың тамызында Құрылтай депутаты болып сайланды. Алайда бүгін депутаттық мандатын мерзімінен бұрын тоқтатты.
Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген. Тұрмыста, екі ұлы бар.