https://sputnik.kz/20261007/quryltay-deputaty-qyzmetinen-ketuge-otinish-berdi-67364344.html
Депутаттың өкілеттігі тоқтатылып, алты судья қызметтен босатылды
Депутаттың өкілеттігі тоқтатылып, алты судья қызметтен босатылды
Sputnik Қазақстан
Айбек Дәдебай әріптесіне жаңа қызметте табыс тіледі 07.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-07T10:22+0500
2026-10-07T10:22+0500
2026-10-07T11:40+0500
құрылтай
https://sputnik.kz/img/07ea/08/1a/66090459_105:378:2464:1705_1920x0_80_0_0_a7f99ddfd5123035995c7af182226cbc.jpg
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Құрылтай отырысында депутат Татьяна Савельеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және Жоғарғы соттың алты судьясын қызметтен босату мәселелері қаралды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавкат Өтемісовтың айтуынша, 6 қазанда Татьяна Савельева депутаттық өкілеттігін өз еркімен тоқтату туралы өтініш берген. Депутаттар тиісті қаулыны бірауыздан мақұлдады. Құрылтай спикері Айбек Дәдебай Савельеваға жаңа қызметінде сәттілік тіледі.Сондай-ақ депутаттар президенттің ұсынысымен Жоғарғы соттың алты судьясын қызметтен босату туралы мәселені қарады.Аслан Тукиев пен Абдолла Сәкен Конституциялық соттың судьялары болып тағайындалуына байланысты Жоғарғы соттағы қызметінен босатылды.Ал Наталья Боровик, Нұржан Қайыпжан, Валерий Ноздрин және Мәдениет Омарбекова құрметті демалысқа шығуына байланысты қызметтен кетті.Заңға сәйкес, Жоғарғы сот судьяларын қызметтен босату туралы ұсынысты президент енгізеді, ал оны Құрылтай депутаттары қарап, тиісті қаулы қабылдайды.
https://sputnik.kz/20260924/aralasuga-khaqy-zhoq-toqaev-quryltay-men-khalyq-kenesinin-ayyrmashylygyn-aytty-66971330.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/08/1a/66090459_274:98:2417:1705_1920x0_80_0_0_11d7d206bfd60e3b1158b62d002ad7e9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құрылтай
Депутаттың өкілеттігі тоқтатылып, алты судья қызметтен босатылды
10:22 07.10.2026 (жаңартылды: 11:40 07.10.2026) Айбек Дәдебай әріптесіне жаңа қызметте табыс тіледі
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Құрылтай отырысында депутат Татьяна Савельеваның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату және Жоғарғы соттың алты судьясын қызметтен босату мәселелері қаралды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Шавкат Өтемісовтың айтуынша, 6 қазанда Татьяна Савельева депутаттық өкілеттігін өз еркімен тоқтату туралы өтініш берген. Депутаттар тиісті қаулыны бірауыздан мақұлдады. Құрылтай спикері Айбек Дәдебай Савельеваға жаңа қызметінде сәттілік тіледі.
Сондай-ақ депутаттар президенттің ұсынысымен Жоғарғы соттың алты судьясын қызметтен босату туралы мәселені қарады.
Аслан Тукиев пен Абдолла Сәкен Конституциялық соттың судьялары болып тағайындалуына байланысты Жоғарғы соттағы қызметінен босатылды.
Ал Наталья Боровик, Нұржан Қайыпжан, Валерий Ноздрин және Мәдениет Омарбекова құрметті демалысқа шығуына байланысты қызметтен кетті.
Заңға сәйкес, Жоғарғы сот судьяларын қызметтен босату туралы ұсынысты президент енгізеді, ал оны Құрылтай депутаттары қарап, тиісті қаулы қабылдайды.