https://sputnik.kz/20261007/qosh-bol-ake-aqtauda-balyqtan-ulangan-zhetkinshek-koz-zhumdy-67384586.html
"Қош бол, әке": Ақтауда балықтан уланған жеткіншек көз жұмды
"Қош бол, әке": Ақтауда балықтан уланған жеткіншек көз жұмды
Sputnik Қазақстан
Баламның не іші өткен жоқ, не құсқан жоқ, тек басым деп қатты ауырды, дейді марқұмның анасы 07.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-07T18:50+0500
2026-10-07T18:50+0500
2026-10-07T19:09+0500
ақтау
балық
улану
https://sputnik.kz/img/617/21/6172119_0:126:1920:1206_1920x0_80_0_0_c8652a7b9653bd817d87fd53b6740cf6.jpg
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Ақтауда балықтан уланған жеткіншекті құтқару мүмкін болмады. Ауруханаға ауыр хәлде түскен баланың өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер 20 күн күрескен. Оқиға туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне марқұм болған баланың анасы айтып берді.Басым ауырды дей бердіБір әулеттің 4 адамы балықтан уланып, ауруханаға түсті. Арасында әке мен 9 жастағы бала бар. Оқиға 17 қыркүйекте болған.Аман алып қалар ма екУланғандардың асқазанын тазалап, дәрігерлер ем шарасын жүргізген. Туыстары дереу облыстық ауруханаға жеткізуді сұраған."Егер бірден біліп, облыстық ауруханаға жеткізгенімізде баламды аман алып қалар ма ек. Біз Ақтаудағы облыстық ауруханаға кешкі сағат жеті шамасында жеттік. Ондағы дәрігерлер "жарты сағат кешіккенде бала тірі қалмаушы еді" деді. Дәрігерлерге рахмет, бар күшін салды. Қасынан бір қадам алыс кетпеді", - дейді Назым.Аурухана дәрігерлері "жедел жәрдем ішінде балаға кислород неге бермеді" деген сауал қойған. Алайда Назым ондай ем шара болатынын білмедік, дейді.Бауырларымды өзім бағамынБекарыс өте елгезек бала болған. Үйдің тұңғышы, өзінен кейін төрт бауырын бағып-қағып, анасына үлкен қолғабыс болатын."Көріп қалған адамның бәріне жүгіріп барып амандасатын ақкөңіл еді. "Мама, барып қыдырып келші, бауырларыма өзім қараймын" деуші еді. Ең болмаса ана болып, осы бір жағдайды алдын ала сезбеппін де. Балам ауруханада жатқанда үнемі кіріп тұрдым, дәрігерлерге алғысым шексіз", - дейді анасы.Астананы көрсем ғойБекарыстың арманы зор еді."Астананы көрсем ғой, бауырларыммен қыдырсам дейтін. "Ұялы телефон алып берші" дейтін, "сабақ оқышы, балам, кейін әперем" деуші ем. Ауруханада қасына барған сайын "Бекарыс тұршы орныңнан, телефон алып берем" деп жылаумен болдым", - дейді баласынан айырылған ана.Балаңыздың қасында болыңызшыДәрігерлер соңғы уақытта баланың беті бері қарамайтын, жағдайы ауыр екенін айтқан."Үйімді, көлігімді сатайын, шетелден алдырыңыздаршы дәрігер деп өтіндім. Бірақ бұл инфекция ең ауыр инфекция екен. Соңғы уақытта дәрігерлерде айтатын жауап та қалмады, беттеріне үмітпен қарасақ "балаңыздың жанында болыңызшы" деумен болды", - дейді Назым.Кешір, балам...Бекарыстың тілеуін бар дәрігер, бар қазақстандық тіледі.Жазмыштан озмыш жоқБаламды бар жағдайдан сақтаумен болдым, бірақ жазмыштан озмыш жоқ екен, дейді Назым Сәбитова."Жағажайға барсам да көзімнен таса қылмай, жолдан өтсе, алаңдап, тіпті қарбыз-қауынды да өте сақтықпен жегізуші ем. Баламды қатерден барынша сақтауға тырыстым, бірақ қолымнан келмеді", - дейді ана.Бекарыс аман болса 2 қарашада он жасқа толар еді. Әкесі аман-есен жазылып, отбасына оралды.
https://sputnik.kz/20260921/mangystauda-astan-ulangan-tort-adam-zhansaqtau-bolimine-tusti-66868998.html
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/617/21/6172119_0:0:1700:1275_1920x0_80_0_0_5e53c12c4108d9c70616acfa9898e0d2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
ақтау, балық, улану
"Қош бол, әке": Ақтауда балықтан уланған жеткіншек көз жұмды
18:50 07.10.2026 (жаңартылды: 19:09 07.10.2026) Баламның не іші өткен жоқ, не құсқан жоқ, тек басым деп қатты ауырды, дейді марқұмның анасы
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Ақтауда балықтан уланған жеткіншекті құтқару мүмкін болмады. Ауруханаға ауыр хәлде түскен баланың өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер 20 күн күрескен. Оқиға туралы
Sputnik Қазақстан тілшісіне марқұм болған баланың анасы айтып берді.
Бір әулеттің 4 адамы балықтан уланып, ауруханаға түсті. Арасында әке мен 9 жастағы бала бар. Оқиға 17 қыркүйекте болған.
"Үйде балық жеген едік. Кешкі сағат жеті шамасында тамақтандық. Күйеуім әлсіреп құлай берді, қан қысымы түсіп кетті ме дедік. Ал баламның не іші өткен жоқ, не құсқан жоқ, тек басым деп қатты ауырды. Біз Мұнайлы аудандық ауруханасына таңғы сағат 8 шамасында түстік. Тек сағат 12 шамасында күйеуім "балықтан уландық па екен" дегенде барып, система қойды", - дейді марқұм баланың анасы Назым Сәбитова.
Уланғандардың асқазанын тазалап, дәрігерлер ем шарасын жүргізген. Туыстары дереу облыстық ауруханаға жеткізуді сұраған.
"Егер бірден біліп, облыстық ауруханаға жеткізгенімізде баламды аман алып қалар ма ек. Біз Ақтаудағы облыстық ауруханаға кешкі сағат жеті шамасында жеттік. Ондағы дәрігерлер "жарты сағат кешіккенде бала тірі қалмаушы еді" деді. Дәрігерлерге рахмет, бар күшін салды. Қасынан бір қадам алыс кетпеді", - дейді Назым.
Аурухана дәрігерлері "жедел жәрдем ішінде балаға кислород неге бермеді" деген сауал қойған. Алайда Назым ондай ем шара болатынын білмедік, дейді.
Бауырларымды өзім бағамын
Бекарыс өте елгезек бала болған. Үйдің тұңғышы, өзінен кейін төрт бауырын бағып-қағып, анасына үлкен қолғабыс болатын.
"Көріп қалған адамның бәріне жүгіріп барып амандасатын ақкөңіл еді. "Мама, барып қыдырып келші, бауырларыма өзім қараймын" деуші еді. Ең болмаса ана болып, осы бір жағдайды алдын ала сезбеппін де. Балам ауруханада жатқанда үнемі кіріп тұрдым, дәрігерлерге алғысым шексіз", - дейді анасы.
Бекарыстың арманы зор еді.
"Астананы көрсем ғой, бауырларыммен қыдырсам дейтін. "Ұялы телефон алып берші" дейтін, "сабақ оқышы, балам, кейін әперем" деуші ем. Ауруханада қасына барған сайын "Бекарыс тұршы орныңнан, телефон алып берем" деп жылаумен болдым", - дейді баласынан айырылған ана.
Балаңыздың қасында болыңызшы
Дәрігерлер соңғы уақытта баланың беті бері қарамайтын, жағдайы ауыр екенін айтқан.
"Үйімді, көлігімді сатайын, шетелден алдырыңыздаршы дәрігер деп өтіндім. Бірақ бұл инфекция ең ауыр инфекция екен. Соңғы уақытта дәрігерлерде айтатын жауап та қалмады, беттеріне үмітпен қарасақ "балаңыздың жанында болыңызшы" деумен болды", - дейді Назым.
Бекарыстың тілеуін бар дәрігер, бар қазақстандық тіледі.
"Балам, ақ сүтімді ақтадың, кешірші, сені сақтап қала алмадым" деп кешірім сұрадым. Бауырмашыл балам-ай, ауруханадада да бәріне мейірімді еді. Мұнайлы ауруханасынан екі жедел жәрдем көлігіне әкесі екеуін екі бөлек салып, облыс орталығына бара жатқанда Бекарыс: "Әке, қош бол" деп қолын бұлғады. Баламның қоштасқаны екен-ау, бірақ мен сезбеппін", - дейді етегі жасқа толған ана.
Баламды бар жағдайдан сақтаумен болдым, бірақ жазмыштан озмыш жоқ екен, дейді Назым Сәбитова.
"Жағажайға барсам да көзімнен таса қылмай, жолдан өтсе, алаңдап, тіпті қарбыз-қауынды да өте сақтықпен жегізуші ем. Баламды қатерден барынша сақтауға тырыстым, бірақ қолымнан келмеді", - дейді ана.
Бекарыс аман болса 2 қарашада он жасқа толар еді. Әкесі аман-есен жазылып, отбасына оралды.