Маңғыстауда астан уланған төрт адам жансақтау бөліміне түсті

© Sputnik / Абзал КалиевКапельница
Капельница - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.09.2026
Жазылу
Барлық науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған
АЛМАТЫ, 19 қыркүйек – Sputnik. Маңғыстау облысында төрт адам балықтан уланып, жасанды тыныс алу аппаратымен тыныс алып жатыр, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.
Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас эпидемиологы Марал Қадыр ботулизм белгілерімен үш ересек пен бір бала ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. Мұнайлы ауданының үш ересек тұрғыны облыстық көпсалалы ауруханаға жатқызылған. Науқастың бірі – 9 жас 10 айлық бала.
Олар облыстық көпсалалы балалар ауруханасының инфекциялық бөлімшесіне түскен.
"Науқастар балықтан уланған деген күдік бар. Балық ұзақ уақыт тоңазытқышта сақталған. Оны 17 қыркүйекте сағат 20.00-ден 21.00-ге дейін отбасылық іс-шара кезінде тұтынған. Аурудың алғашқы белгілері 18 қыркүйек күні кешке пайда болды. Науқастар медициналық көмекке 19 қыркүйекте жүгінген", - дейді эпидемиолог.
Науқастардың жүрегі айнып, құсумен болған. Ауруханаға ауыр жағдайда жеткізілді. Әлсіздік, бас айналып, көру қабілеті, сондай-ақ сана-сезімдері бұзылған.
"Барлық науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Оларға детоксикация және симптоматикалық терапия жүргізіледі. Сондай-ақ пациенттерге арнайы ботулинге қарсы сарысу енгізілді", - дейді Марал Қадыр.
Асхана - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2026
Ақмола облысында сауықтыру лагерінде балалар уланып қалды
Жаңалықтар
0