Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуКүріш
Күріш - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2026
Жазылу
2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Қазақстанда күріш өндірісі мен экспорты артты, деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.
2026 жылғы қаңтар-тамыз айларында Қазақстанда 145 мың тонна күріш өндірілді, бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18,6%-ға артық..
2026 жылғы қаңтар-шілде айларында күріштің ішкі нарықтағы өткізу көлемі 70,5 мың тоннаны құрап, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,9%-ға артты.
"2026 жылғы қаңтар-шілде айларында күріш экспорты 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 25,3%-ға өсті. Сыртқы нарықтарға жеткізу көлемі 70,9 мың тоннадан 88,8 мың тоннаға дейін артып, экспорт құны 24,7 млн АҚШ доллары деңгейінде сақталды. Негізгі экспорт бағыттары – Ауғанстан, Тәжікстан, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан", - деп жазылған хабарламада.
Күріш экспортының көлемі 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында импорт көлемінен 18 есе жоғары болды. 2026 жылғы қаңтар-шілде айларында күріш импорты 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70,7%-ға төмендеді.
Импорттық жеткізілімдер көлемі 16,7 мың тоннадан 4,9 мың тоннаға дейін, ал құны 9,0 млн АҚШ долларынан 3,3 млн АҚШ долларына дейін қысқарды. Негізгі жеткізуші елдер қатарында Үндістан, Ресей, Пәкістан, Таиланд және Өзбекстан.
Зерно - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2026
Қазақстанда жаңа астық экспорты сегіз айда 14%-ға өсті
Жаңалықтар
0