Қарағандыда 19 күндік нәрестенің жүрегіне операция жасалды

© Photo : Unsplash/freestocksСәби
Сәби - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.10.2026
Жазылу
Бұған дейін оған асқазан-ішек жолының қатар жүретін патологиясына байланысты операция да жасалған болатын
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Қарағанды қаласында 19 күндік нәрестенің жүрегіне күрделі ота жасалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан облыстық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Шақалақта туа біткен жүрек ақауы болған. Өкпеден жүрекке қан дұрыс бармаған. Оған қоса, ашық артериялық өзек және қарыншааралық перде ақауы анықталған.
Бұған дейін оған асқазан-ішек жолының қатар жүретін патологиясына байланысты операция да жасалған болатын.
"Қарағанды облысы үшін бұл балалар кардиохирургиясын дамытудағы маңызды қадам болды. Мұндай операциялар өңірде көп жылдан бері жасалмаған. Ал бұл шеберлік сабағының мақсаты — операцияны осында, Қарағандыда жасауға мүмкіндік жасау және оларды республикалық орталыққа тасымалдауға кететін уақытты жоғалтпау", — дейді облыстық орталықтың балалар кардиохирургиясы бөлімінің меңгерушісі Ғанибек Ақжанов.
Осылайша, жергілікті дәрігерлер тәжірибе алып, алдағы уақытта осындай медициналық көмекті жаңа туған нәрестелерге өздері жасайды.
Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2026
Видео
Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады
Жаңалықтар
0