Видео

Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады

© Photo : Денсаулық сақтау министрлігіҚазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады
Қазақстандық хирургтар алғаш рет роботтың көмегімен асқазанға күрделі операция жасады - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2026
Жазылу
Пациент үшін роботтандырылған технология үлкен хирургиялық тіліктің орнына шағын тесіктер арқылы күрделі операция жасауға мүмкіндік береді
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Алматы онкология орталығында Қазақстанда алғаш рет асқазанның бір бөлігін үлкен хирургиялық тілік жасамай алып тастау бойынша роботтың көмегімен операция жасалды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, операцияны орталықтың хирургтар тобы роботтандырылған хирургиялық жүйені қолдана отырып орындады.
"Операция барысында ICG-навигациясы – хирургқа қажетті анатомиялық құрылымдарды неғұрлым анық көруге мүмкіндік беретін технология қолданылды. Сондай-ақ онкологиялық қағидаттарға сәйкес өңірлік лимфа түйіндерін алып тастауды көздейтін D2 лимфодиссекциясы жүргізілді", - деп жазылған хабарламада.
Пациент үшін роботтандырылған технология үлкен хирургиялық тіліктің орнына шағын тесіктер арқылы күрделі операция жасауға мүмкіндік береді. Бұл операцияның жарақаттылығын азайтып, пациенттің барынша жылдам қалпына келуіне жағдай жасайды, дейді министрлікте.
Асқазанға жасалған операция Алматы онкология орталығы мамандары орындаған 15-ші роботтандырылған операция болды. Бұған дейін роботтандырылған операциялар тоқ ішек пен тік ішек, қуықасты безі, бүйрек және жатыр денесінің аурулары кезінде жүргізілген.
Қазақстандық хирургтер Бішкекте бірқатар күрделі операция жасады - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2026
Қазақстандық хирургтер Бішкекте бірқатар күрделі операция жасады
Жаңалықтар
0