Қазақстандық хирургтер Бішкекте бірқатар күрделі операция жасады

© Photo : Пресс-служба Министерства здравоохранения РКҚазақстандық хирургтер Бішкекте бірқатар күрделі операция жасады
Қазақстандық хирургтер Бішкекте бірқатар күрделі операция жасады - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2026
Жазылу
Операцияларды шағын тіліктер арқылы жүргізуге мүмкіндік беретін технологияларға ерекше назар аударылды
АСТАНА, 15 тамыз – Sputnik. Қазақстан медицинасының күндері шеңберінде А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандары Бішкек қаласындағы Қ. Рысқұлова атындағы Бірінші қалалық клиникалық аурухананың базасында бірқатар бірлескен күрделі операция жасады.
© Photo : Пресс-служба Министерства здравоохранения РКҚазақстандық хирургтер Бішкекте бірқатар күрделі операция жасады
Казахстанские хирурги провели в Бишкеке ряд сложных операций - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2026
Қазақстандық хирургтер Бішкекте бірқатар күрделі операция жасады
"Операцияларды шағын тіліктер арқылы жүргізуге мүмкіндік беретін технологияларға ерекше назар аударылды. Бұл хирургиялық араласудың жарақаттылығын азайтып, пациенттердің неғұрлым жылдам қалпына келуіне жағдай жасайды", - деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігі.
© Photo : Пресс-служба Министерства здравоохранения РКҚазақстандық хирургтер Бішкекте бірқатар күрделі операция жасады
Казахстанские хирурги провели в Бишкеке ряд сложных операций - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2026
Қазақстандық хирургтер Бішкекте бірқатар күрделі операция жасады
Операциялармен қатар қазақстандық дәрігерлер білім беру дәрістері мен мастер-кластар өткізіп, ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи тәсілдерін таныстырды. Сондай-ақ әріптестерімен пациенттерді қадағалап-қарау бойынша практикалық тәжірибе алмасты.
© Photo : Пресс-служба Министерства здравоохранения РКҚазақстандық хирургтер Бішкекте бірқатар күрделі операция жасады
Казахстанские хирурги провели в Бишкеке ряд сложных операций - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2026
Қазақстандық хирургтер Бішкекте бірқатар күрделі операция жасады
Кәсіби тәжірибе алмасудың тағы бір алаңы Бішкек қаласындағы Ұлттық онкология және гематология орталығы болды. Мұнда "Асқазан-ішек жолындағы ісіктерді диагностикалау және емдеудегі заманауи эндоскопиялық шешімдер" тақырыбында халықаралық мастер-кластар өтті.
"Қазақстан мен Қырғызстан мамандары асқазан-ішек жолы ауруларын эндоскопиялық диагностикалау мен аз инвазивті емдеудің заманауи мүмкіндіктерін, оның ішінде жаңа технологияларды практикалық қолдану мәселелерін қарастырды", - дейді министрлікте.
© Photo : Пресс-служба Министерства здравоохранения РКҚазақстандық хирургтер Бішкекте бірқатар күрделі операция жасады
Казахстанские хирурги провели в Бишкеке ряд сложных операций - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2026
Қазақстандық хирургтер Бішкекте бірқатар күрделі операция жасады
Қырғыз Республикасындағы Қазақстан медицинасының күндері, ең алдымен, тәжірибе алмасуға бағытталған. Екі елдің мамандары пациенттермен бірлесіп жұмыс істеп, операциялар жүргізіп, заманауи медициналық технологияларды меңгеріп жатыр.
Жүктіліктің 26-шы аптасында дүниеге келген сәбидің салмағы бар болғаны 740 грамм болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.09.2026
Алматыда дәрігерлер 740 грамм салмақпен дүниеге келген сәбидің өмірі үшін 80 күн күресті
Жаңалықтар
0