https://sputnik.kz/20261007/euroodaq-ukrainaga-qarzhy-bolu-ushin-zhana-sharttar-qoyuy-mumkin--baq-67369842.html
Еуроодақ Украинаға қаржы бөлу үшін жаңа шарттар қоюы мүмкін – БАҚ
Еуроодақ Украинаға қаржы бөлу үшін жаңа шарттар қоюы мүмкін – БАҚ
Sputnik Қазақстан
ЕО Украинаға қаржылай қолдау көрсету үшін қауымдастық туралы келісімге қол қою және қорға үлес қосу сияқты шарттарды енгізуді ұсынды 07.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-07T15:00+0500
2026-10-07T15:00+0500
2026-10-07T15:00+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07ea/07/18/65147923_0:0:3008:1693_1920x0_80_0_0_4ef6f24cb5c88e2159830bf9bcea106d.jpg
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Еуропалық одақ Еуропалық бәсекеге қабілеттілік қоры аясында қаржы беру үшін Украинаға жаңа шарттар ұсынуы мүмкін, деп жазды Politico.Басылымның мәліметінше, пікір қайшылығы көлемі 409 млрд еуроны құрайтын қор туралы келіссөздер барысында туындаған. Мәселе ЕО-ға кірмейтін елдердің қорғаныс қорына қатысып, оның қаржысын пайдалана ала ма және бұл үшін қандай шарттарды орындауы керек дегенге келіп тіреледі.Politico атап өткендей, бұған дейін Киев пен Ослоның қорға автоматты түрде қатысуына мүмкіндік беріледі деп болжанған. Алайда қазір ЕО кеңесіне төрағалық ететін Ирландия одаққа кірмейтін барлық елді қауымдастық туралы келісімге қол қоюға және үлес қосуға міндеттеуді ұсынып отыр. Бұл үлес қаржылай немесе Украина жағдайында қорғаныс технологиялары түрінде болуы мүмкін.
https://sputnik.kz/20261004/chekhiya-premeri-europa-elderin-ukrainany-qalpyna-keltiruge-qarzhy-boluge-shaqyrdy-67290281.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/07/18/65147923_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_21b659437f141d07ef5e4705363391f2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Еуроодақ Украинаға қаржы бөлу үшін жаңа шарттар қоюы мүмкін – БАҚ
ЕО Украинаға қаржылай қолдау көрсету үшін қауымдастық туралы келісімге қол қою және қорға үлес қосу сияқты шарттарды енгізуді ұсынды
АСТАНА, 7 қазан – Sputnik. Еуропалық одақ Еуропалық бәсекеге қабілеттілік қоры аясында қаржы беру үшін Украинаға жаңа шарттар ұсынуы мүмкін, деп жазды Politico.
"Франция және тағы бірнеше мемлекет сыртқы ойыншылардың қатысуын шектегісі келеді, ал Еуропа астаналарының басым бөлігі Еуроодаққа кірмейтін елдердің компанияларына кеңірек мүмкіндік беруді қолдайды", – деп жазылған мақалада.
Басылымның мәліметінше, пікір қайшылығы көлемі 409 млрд еуроны құрайтын қор туралы келіссөздер барысында туындаған. Мәселе ЕО-ға кірмейтін елдердің қорғаныс қорына қатысып, оның қаржысын пайдалана ала ма және бұл үшін қандай шарттарды орындауы керек дегенге келіп тіреледі.
Politico атап өткендей, бұған дейін Киев пен Ослоның қорға автоматты түрде қатысуына мүмкіндік беріледі деп болжанған. Алайда қазір ЕО кеңесіне төрағалық ететін Ирландия одаққа кірмейтін барлық елді қауымдастық туралы келісімге қол қоюға және үлес қосуға міндеттеуді ұсынып отыр. Бұл үлес қаржылай немесе Украина жағдайында қорғаныс технологиялары түрінде болуы мүмкін.