Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Чехия премьері Еуропа елдерін Украинаны қалпына келтіруге қаржы бөлуге шақырды

© Photo : Пресс-служба президента КазахстанаТокаев и Бабиш провели переговоры в расширенном формате
Токаев и Бабиш провели переговоры в расширенном формате  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2026
Жазылу
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Еуропа Украинадағы қақтығысқа қаржы бөлгеннен гөрі Украинаны қалпына келтіруге ақша жұмсағаны дұрыс. Бұл туралы Чехия премьер-министрі Андрей Бабиш сенбі күні елдің шығысындағы Липник-над-Бечвоу қаласында өткен сайлауалды митингіде мәлімдеді, деп хабарлайды РИА Новости.
Оның сөзін ЧТК агенттігі таратты.
"Менің ойымша, қақтығыс басталғалы бері Украинаға 377 миллиард еуро бөлуге келіскен Еуропа бұл қаржыны соғысқа жұмсағаннан гөрі Украинаны қалпына келтіруге бағыттағаны дұрыс болар еді. Өкінішке қарай, бұл мәселеде АҚШ президент Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинмен байланысын жалғастырып отыр. Еуропа мұны қолдамайды. Дегенмен кейбір көшбасшылар оларды қолдау керек екенін айтып жатыр. Сондықтан ешкім соғысты қаламайды деп ойлаймын", – деді Бабиш.
Чехия премьер-министрінің айтуынша, қазіргі уақытта Еуропада шамамен 600-700 мың жас украин азаматы тұрып жатыр. Оның пікірінше, олардың да соғысқа қатысқысы келмеуі мүмкін.
"Сондықтан соғыс мүмкіндігінше тезірек аяқталса жақсы болар еді", – деді ол.
Бабиштің сөзінше, ендігі мәселе әлемдік және еуропалық көшбасшыларға байланысты. Оның айтуынша, олар соғысты тоқтатуға тырысқаннан гөрі ол туралы айтқанды жөн көреді.
Бабиш қақтығыстан негізгі пайда көріп отырғандар қатарында қару-жарақ пен энергетика өндірушілері, сондай-ақ банктер бар деп санайды.
Жаңалықтар
0