Семейде ер адам домофон мен камераны қасақана сындырған

Новоселье, архивное фото
Новоселье, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.10.2026
Жазылу
Қоғамдық тәртіпті бұзған тұрғын 20 тәулікке қамалды
АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Семейде домофон мен камераны сындырған тұрғын 20 тәулікке қамалды, деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
Семейде ер адам тұрғын үйдің кіреберісіндегі бейнекамера мен домофонды сындырған. Оның бұл әрекеті бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
"Полиция қызметкерлері құқық бұзушының жеке басын жедел анықтады. Ол 48 жастағы жергілікті тұрғыны болып шықты. Медициналық куәландыру нәтижесінде оның есірткі заттарын қолданғаны расталды", - деп жазылған хабарламада.
Ер адам мүлікті қасақана бүлдіргені, ұсақ бұзақылық жасағаны және есірткі заттарын медициналық емес мақсатта пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот оған 20 тәулік әкімшілік қамау жазасын тағайындады.
Домофон мен бейнебақылау камералары тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орнатылған. Мұндай ортақ мүлікке зиян келтірген адам міндетті түрде заң алдында жауап береді, дейді полицейлер.
Мая шөп - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2026
Жамбыл облысында ер адам ауылдасының 800 түп шөбін қасақана өртеп жіберген
Жаңалықтар
0