Жамбыл облысында ер адам ауылдасының 800 түп шөбін қасақана өртеп жіберген

© фото предоставлено Жанибеком КенжебаевымМая шөп
Мая шөп - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.06.2026
Жазылу
Салдарынан жәбірленушіге 1,4 млн теңге сомасында материалдық шығын келтірілген
АСТАНА, 29 маусым – Sputnik. Жамбыл облысында ер адам қасақана өрт қойғаны үшін сотталды, деп хабарлады облыстық сот.
Талас аудандық сотында өрт қою арқылы бөтеннің мүлкін қасақана жою фактісі бойынша қылмыстық іс қаралды.
Сотпен анықталғандай, 2026 жылдың сәуір айында сотталушы өзінің танысымен бірге "Көшек батыр" ауылындағы азық-түлік дүкенінің жанында ішімдік ішкен. Осы кезде жәбірленушінің кәмелетке толмаған ұлы оларды мазақтап, ашуланған сотталушы балаға ұрыса бастаған. Сол уақытта баланың әкесі келіп, екеуінің арасында жанжал туындаған. Жанжал барысында сотталушы ауылдасын "мен сенің үйіңді өртеп жіберемін" деп қорқытқан.
"Сол күні ол өзі жанжалдасқан ер адамның үйіне келіп, қорада жиналған 800 түп шөпке жанар-жағармай құйып, оттықпен өрт қойған. Салдарынан жәбірленушіге 1,4 млн теңге сомасында материалдық шығын келтірілген", - деп жазылған хабарламада.
Сотталушы кінәсін толығымен мойындап, соттан оған бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады. Жәбірленуші сотталушыны кешіріп, оны бас бостандығынан айырмауды сұрады.
Сот үкімімен ер адам Қылмыстық кодекстің 202-бабы 2-бөлігінің 1) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енді.
Машинаны өртеу - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2026
Ақтөбеде әпкесімен жанжалдасқан ер адам көлігін өртеп жіберді
Жаңалықтар
0