Тоқаев Қарулы Күштері Бас штабының бастығын тағайындады

© Sputnik / Санат ИмангалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2026
Жазылу
Бұған дейін президент Қорғаныс министрлігінің екі вице-министрін және Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысын қызметінен босатқан болатын
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Президенттің жарлығымен қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қарулы Күштердің Бас штабының бастығы тағайындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ақорданың ресми сайтында президенттің жарлығы жарияланды.
"Мемлекет басшысының өкімімен Айтқұрман Жоламанұлы Омарбеков Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды", - делінген жарлықта.
Айткурман Омарбеков  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2026
Айтқұрман Омарбеков
Омарбеков бұған дейін Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Айрықша мақсаттағы күштердің қолбасшысы лауазымын атқарған. Оның орнына Азамат Бақытжанұлы Хасенов келді.
Еске сала кетейік, бұған дейін президент Қорғаныс министрлігінің екі вице-министрін және Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысын қызметінен босатқан болатын.
Поиски военнослужащих в Мангистауской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2026
Тоқаев екі вице-министр мен Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысын қызметтен босатты
Жаңалықтар
0