Тоқаев екі вице-министр мен Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысын қызметтен босатты

© Пресс-служба акимата Мангистауской областиПоиски военнослужащих в Мангистауской области
Поиски военнослужащих в Мангистауской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2026
Жазылу
Қорғаныс министрлігіндегі кадрлық өзгерістер Каспийдегі қайғылы оқиғадан кейін жасалды
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігінің екі вице-министрін және Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысын қызметінен босатты, деп хабарлады Ақорда.
Қорғаныс министрлігіндегі кадрлық өзгерістер Каспий теңізіндегі қайғылы оқиғадан кейін жасалып отыр.
Мемлекет басшысының өкімдерімен:
Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы лауазымынан босатылды;
Алмаз Дженишевич Джумакеев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары лауазымынан босатылды;
Қанат Серікқалиұлы Ниязбеков Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштерінің бас қолбасшысы лауазымынан босатылды.

Каспийдегі қайғылы оқиға

24 қыркүйекте әскери оқу-жаттығу кезінде 17 әскери қызметкерді теңіз толқыны алып кетті. Олардың үшеуі құтқарылып, 14 әскери қызметкер қаза тапты.
25 қыркүйек Қазақстанда Жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды.
Поиски военнослужащих в Мангистауской области - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.09.2026
Каспийдегі трагедия: Қорғаныс министрлігінің бес лауазымды тұлғасы ұсталды
Жаңалықтар
0