https://sputnik.kz/20260925/kaspiydegi-tragediya-qorganys-ministrliginin-bes-lauazymdy-tulgasy-ustaldy-67013923.html
Каспийдегі трагедия: Қорғаныс министрлігінің бес лауазымды тұлғасы ұсталды
Каспийдегі трагедия: Қорғаныс министрлігінің бес лауазымды тұлғасы ұсталды
Sputnik Қазақстан
Олардың барлығы Ақтау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды 25.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-25T13:35+0500
2026-09-25T13:35+0500
2026-09-25T14:31+0500
каспий теңізі
қорғаныс министрлігі
https://sputnik.kz/img/07ea/09/19/67013395_0:133:2560:1573_1920x0_80_0_0_50e4fa926142d857f24ead07b1320da8.jpg
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты Қорғаныс министрлігінің бес лауазымды тұлғасы ұсталды, деп хабарлады Polisia.kz.Ұсталғандардың қатарында:Олардың барлығы күдікті деп танылып, Ақтау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.Іске қатысы бар басқа да тұлғаларды ұстау мақсатында тергеу жалғасып жатыр.Еске сала кетейік, оқу-жаттығу барысында ауа райының кенеттен күрт нашарлауы салдарынан 17 әскери қызметшіні толқын ашық теңізге алып кеткен болатын. Олардың 14-і қаза болды.
https://sputnik.kz/20260925/kaspiy-tenizinde-zhogalgan-eki-askeri-qyzmetshinin-denesi-tabyldy-67004086.html
каспий теңізі
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/09/19/67013395_143:0:2418:1706_1920x0_80_0_0_0414b07ec44204896dca731153b5e01f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
каспий теңізі, қорғаныс министрлігі
каспий теңізі, қорғаныс министрлігі
Каспийдегі трагедия: Қорғаныс министрлігінің бес лауазымды тұлғасы ұсталды
13:35 25.09.2026 (жаңартылды: 14:31 25.09.2026) Олардың барлығы Ақтау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды
АСТАНА, 25 қыркүйек – Sputnik. Әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты Қорғаныс министрлігінің бес лауазымды тұлғасы ұсталды, деп хабарлады
Polisia.kz. "Қызметке салғырт қарау және кеме жүргізу қағидаларын бұзу бойынша ауыр зардаптарға әкеп соққан қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғары және аға командалық құрамындағы жауапты лауазымды тұлғалар ұсталды", - деп жазылған хабарламада.
Ұсталғандардың қатарында:
ҚР ҚК Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының бірінші орынбасары - штаб бастығы,
екі әскери бөлімнің командирі,
теңіз жаяу әскерлері ротасының командирі,
"Қайсар" катерінің командирі бар.
Олардың барлығы күдікті деп танылып, Ақтау қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Іске қатысы бар басқа да тұлғаларды ұстау мақсатында тергеу жалғасып жатыр.
Еске сала кетейік, оқу-жаттығу барысында ауа райының кенеттен күрт нашарлауы салдарынан 17 әскери қызметшіні толқын ашық теңізге алып кеткен болатын. Олардың 14-і қаза болды.