Қорғаныс министрі Ақмола гарнизонындағы әскери бөлімге тосын тексеру жүргізді

© Sputnik / Тимур БатыршинТоржественное мероприятии в честь Дня защитника отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев
Торжественное мероприятии в честь Дня защитника  отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2026
Жазылу
Айдос Мырзахметов казармалардың жай-күйі мен бөлімнің инфрақұрылым жағдайына ерекше назар аударды
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов Ақмола гарнизонындағы әскери бөлімдердің біріне тосын тексеру жүргізді, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
"Генерал-майор Айдос Мырзахметов қызметтің ұйымдастырылуымен және әскери қызметшілердің орналасу жағдайымен танысты", - деп жазылған хабарламада.
Министр казармалардың жай-күйі мен бөлімнің инфрақұрылым жағдайына ерекше назар аударды.
Тексеру қорытындысы бойынша әскери қызметшілердің тұрмыс жағдайын жақсарту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Еске сала кетейік, бұған дейін жаңа тағайындалған қорғаныс министрі әскери салаға қандай өзгеріс енгізілетінін айтқан болатын.
Армия - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2026
Жаңа тағайындалған қорғаныс министрі әскери салаға қандай өзгеріс енгізілетінін айтты
Жаңалықтар
0