https://sputnik.kz/20260928/zhana-tagayyndalgan-qorganys-ministri-askeri-salaga-qanday-ozgeris-engiziletinin-aytty-67113241.html
Жаңа тағайындалған қорғаныс министрі әскери салаға қандай өзгеріс енгізілетінін айтты
Жаңа тағайындалған қорғаныс министрі әскери салаға қандай өзгеріс енгізілетінін айтты
Sputnik Қазақстан
Әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жарғыға жат қарым-қатынастардың алдын алуға және оларға қатаң түрде жол бермеуге ерекше назар аударылады 28.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-28T19:12+0500
2026-09-28T19:12+0500
2026-09-28T19:45+0500
қорғаныс министрлігі
әскери қызметкер
реформа
https://sputnik.kz/img/07ea/03/1b/62194172_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_7bddced0e2a9f63f43b5f9cf65dbca58.jpg
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов ведомствоның басшылық құрамымен алғашқы жұмыс кеңесін өткізді.Министр тапсырған жаңа міндеттерЖиында Қарулы күштерді одан әрі дамыту және реформалау бағытындағы негізгі міндеттер айтылды:Командирлерге:Әскери қызметтің қауіпсіздігіӘскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жарғыға жат қарым-қатынастардың алдын алуға және оларға қатаң түрде жол бермеуге ерекше назар аударылады, дейді министрлікте.Жаңа министр әскери қызметшілерді даярлау тәсілдерін қайта қарауды қолға алмақ.Командирге жүктелетін міндетКомандирлерге жеке құрамның жоғары деңгейдегі даярлығын, бөлімшелердің үйлесімді іс-қимылын және әртүрлі жағдайларда әрекет етуге тұрақты әзірлігін қамтамасыз ету тапсырылды.Әскерлерді басқару жүйесін жетілдіру де реформаның жеке бағытына айналмақ. Бұл ретте үдерістерді одан әрі цифрландыру, басы артық әкімшілік рәсімдерді, есептілік пен практикалық маңызы жоқ кеңестерді қысқарту көзделіп отыр. Босатылған ресурстар әскерлердің жауынгерлік қабілетін арттыруға тікелей бағытталуы тиіс.Сарбаз өзін қауіпсіз сезіну керекМинистр бюджет қаражатын ұтымды әрі тиімді пайдалануды қамтамасыз етуді, тиімсіз шығындарға жол бермеуді және қабылданатын шешімдердің ашықтығын арттыруды тапсырды."Армия есептік көрсеткіштер мен көзбояушылық іс-шаралар үшін емес, нақты нәтижеге қол жеткізу үшін дамуы керек. Әрбір үдеріс, әрбір шешім және бөлінген әрбір ресурс практикалық нәтижеге ие болып, Қарулы күштердің жауынгерлік қабілетін арттыруға бағытталуы тиіс. Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек", – деп атап өтті қорғаныс министрі.
https://sputnik.kz/20260927/toqaev-zhana-qorganys-ministrine-qaru-zharaq-pen-tekhnikany-zhangyrtu-mindetin-zhuktedi-67079303.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/03/1b/62194172_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_5ecb3ad9fe58d8a32a8aed25a75e77a5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қорғаныс министрлігі, әскери қызметкер, реформа
қорғаныс министрлігі, әскери қызметкер, реформа
Жаңа тағайындалған қорғаныс министрі әскери салаға қандай өзгеріс енгізілетінін айтты
19:12 28.09.2026 (жаңартылды: 19:45 28.09.2026) Әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жарғыға жат қарым-қатынастардың алдын алуға және оларға қатаң түрде жол бермеуге ерекше назар аударылады
АСТАНА, 28 қыркүйек – Sputnik. Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов ведомствоның басшылық құрамымен алғашқы жұмыс кеңесін өткізді.
Министр тапсырған жаңа міндеттер
Жиында Қарулы күштерді одан әрі дамыту және реформалау бағытындағы негізгі міндеттер айтылды:
әскерлердің нақты жауынгерлік әзірлігін арттыру,
басқару жүйесін жетілдіру,
жауынгерлік даярлықтың сапасын көтеру,
қару-жарақ пен әскери техниканы дамыту,
әскери қызметшілердің моральдық және жауынгерлік рухын нығайту.
әскери ұжымдарда салауатты моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру,
тәрбие жұмысының сапасын арттыру,
жеке құрамның қызмет ету жағдайларын жақсарту жөнінде міндеттер жүктелді.
Әскери қызметтің қауіпсіздігі
Әскери қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жарғыға жат қарым-қатынастардың алдын алуға және оларға қатаң түрде жол бермеуге ерекше назар аударылады, дейді министрлікте.
Жаңа министр әскери қызметшілерді даярлау тәсілдерін қайта қарауды қолға алмақ.
"Оқыту қазіргі заманғы ұрыс қимылдарын жүргізу жағдайына барынша сәйкес келіп, практикалық тәжірибеге, заманауи қақтығыстарды талдауға негізделуі керек. Сонымен қатар ұшқышсыз жүйелерді, радиоэлектрондық күрес құралдарын, барлау, байланыс және басқа да жаңа технологияларды қолданудың заманауи тәсілдері ескерілуі қажет", - дейді қорғаныс министрлігінде.
Командирге жүктелетін міндет
Командирлерге жеке құрамның жоғары деңгейдегі даярлығын, бөлімшелердің үйлесімді іс-қимылын және әртүрлі жағдайларда әрекет етуге тұрақты әзірлігін қамтамасыз ету тапсырылды.
Әскерлерді басқару жүйесін жетілдіру де реформаның жеке бағытына айналмақ. Бұл ретте үдерістерді одан әрі цифрландыру, басы артық әкімшілік рәсімдерді, есептілік пен практикалық маңызы жоқ кеңестерді қысқарту көзделіп отыр. Босатылған ресурстар әскерлердің жауынгерлік қабілетін арттыруға тікелей бағытталуы тиіс.
Сарбаз өзін қауіпсіз сезіну керек
Министр бюджет қаражатын ұтымды әрі тиімді пайдалануды қамтамасыз етуді, тиімсіз шығындарға жол бермеуді және қабылданатын шешімдердің ашықтығын арттыруды тапсырды.
"Армия есептік көрсеткіштер мен көзбояушылық іс-шаралар үшін емес, нақты нәтижеге қол жеткізу үшін дамуы керек. Әрбір үдеріс, әрбір шешім және бөлінген әрбір ресурс практикалық нәтижеге ие болып, Қарулы күштердің жауынгерлік қабілетін арттыруға бағытталуы тиіс. Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек", – деп атап өтті қорғаныс министрі.