https://sputnik.kz/20261005/onirlerde-zhana-ondiris-oryndary-men-infraqurylym-nysandary-paydalanuga-berildi-67295636.html
Өңірлерде жаңа өндіріс орындары мен инфрақұрылым нысандары пайдалануға берілді
Өңірлерде жаңа өндіріс орындары мен инфрақұрылым нысандары пайдалануға берілді
Sputnik Қазақстан
Жобалар өндіріс көлемін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, энергетикалық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға... 05.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-05T08:22+0500
2026-10-05T08:22+0500
2026-10-05T08:22+0500
өндіріс
кәсіпорын
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/05/67295471_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_5f81f164d6af35a488369a4bfed3bd5a.jpg
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Үкімет өткен аптада бірқатар жаңа кәсіпорын, көлік тораптары мен энергетика нысандары пайдалануға берілгенін хабарлады.Алматы облысының Боралдай ауылында алкогольсіз сусындар шығаратын жаңа кәсіпорын ашылды. Жалпы құны $344 млн болатын жоба аясында жергілікті 230 тұрғын жұмыспен қамтылды. Кәсіпорында қажетті шикізат жергілікті өндірушілерден алынады. Дайын өнімді ішкі нарыққа және ТМД елдеріне жеткізу жоспарланып отыр.Солтүстік Қазақстан облысында ұзақ сақталатын нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер шығаратын зауыт жұмысын бастады. 37 млрд теңге көлемінде инвестиция салынған өндірістік кешенде Еуропа елдерінен әкелінген заманауи жабдықтар орнатылған. Зауыт толық қуатына шыққаннан кейін жылына 15 мың тоннаға дейін өнім өндіре алады. Екінші желі іске қосылған соң 378 жұмыс орнын ашу жоспарланған.Көкшетауда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды. Ғимаратта лифтілер мен эскалаторлар орнатылып, кедергісіз орта қалыптастырылды. Жалпы аумағы 0,75 гектарды құрайтын вокзал маңы аумағы да абаттандырылды. Вокзал 1981 жылы салынған, соңғы күрделі жөндеу жұмыстары 20 жылдан астам уақыт бұрын жүргізілген. Жөндеу жұмыстары Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмалары аясында орындалды. Бағдарлама аясында өңірдегі 16 нысанның барлығы заманауи талаптарға сай жаңғыртылды.Қарағанды облысындағы 500 кВ "Нұра" қосалқы стансасында екінші автотрансформатор пайдалануға берілді. Жоба өңірдегі электр энергетикасы жүйесінің тұрақтылығын арттырып, қосымша қуат резервін қалыптастыруға, сондай-ақ "Сарыарқа" АЭА кәсіпорындарын қажетті көлемде электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Исатай ауданының Томан ауылында 80 орынға арналған алғашқы балабақшаның құрылысы толық аяқталды. Ғимарат биылғы қараша айында ашылады деп жоспарланып отыр.
https://sputnik.kz/20260906/ush-zhylda-farmatsevtikalyq-kasiporyndarynda-ondiris-kolemi-37-ga-osti-66417224.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/05/67295471_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_79f949a2ebc61d37d0ea4d880d70a738.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өндіріс, кәсіпорын
Өңірлерде жаңа өндіріс орындары мен инфрақұрылым нысандары пайдалануға берілді
Жобалар өндіріс көлемін арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, энергетикалық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз етуге және әлеуметтік инфрақұрылымды жақсартуға бағытталған
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Үкімет өткен аптада бірқатар жаңа кәсіпорын, көлік тораптары мен энергетика нысандары пайдалануға берілгенін хабарлады.
Алматы облысының Боралдай ауылында алкогольсіз сусындар шығаратын жаңа кәсіпорын ашылды. Жалпы құны $344 млн болатын жоба аясында жергілікті 230 тұрғын жұмыспен қамтылды. Кәсіпорында қажетті шикізат жергілікті өндірушілерден алынады. Дайын өнімді ішкі нарыққа және ТМД елдеріне жеткізу жоспарланып отыр.
Солтүстік Қазақстан облысында ұзақ сақталатын нан-тоқаш және кондитерлік өнімдер шығаратын зауыт жұмысын бастады. 37 млрд теңге көлемінде инвестиция салынған өндірістік кешенде Еуропа елдерінен әкелінген заманауи жабдықтар орнатылған. Зауыт толық қуатына шыққаннан кейін жылына 15 мың тоннаға дейін өнім өндіре алады. Екінші желі іске қосылған соң 378 жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Көкшетауда жаңартылған теміржол вокзалы ашылды. Ғимаратта лифтілер мен эскалаторлар орнатылып, кедергісіз орта қалыптастырылды. Жалпы аумағы 0,75 гектарды құрайтын вокзал маңы аумағы да абаттандырылды. Вокзал 1981 жылы салынған, соңғы күрделі жөндеу жұмыстары 20 жылдан астам уақыт бұрын жүргізілген. Жөндеу жұмыстары Мемлекет басшысының теміржол инфрақұрылымын жаңғырту жөніндегі тапсырмалары аясында орындалды. Бағдарлама аясында өңірдегі 16 нысанның барлығы заманауи талаптарға сай жаңғыртылды.
Қарағанды облысындағы 500 кВ "Нұра" қосалқы стансасында екінші автотрансформатор пайдалануға берілді. Жоба өңірдегі электр энергетикасы жүйесінің тұрақтылығын арттырып, қосымша қуат резервін қалыптастыруға, сондай-ақ "Сарыарқа" АЭА кәсіпорындарын қажетті көлемде электр энергиясымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Исатай ауданының Томан ауылында 80 орынға арналған алғашқы балабақшаның құрылысы толық аяқталды. Ғимарат биылғы қараша айында ашылады деп жоспарланып отыр.