Үш жылда фармацевтикалық кәсіпорындарында өндіріс көлемі 37%-ға өсті

© Sputnik / Виталий Невар / Медиабанкке өтуҚарағанды фармацевтикалық зауыты
Қарағанды фармацевтикалық зауыты - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.09.2026
Жазылу
Сегіз ірі жоба Қазақстанда алғаш рет 494-тен астам атаудағы дәрілік заттарды өндіруді ұйымдастыруға мүмкіндік береді
АСТАНА, 6 қыркүйек – Sputnik. Соңғы үш жылдың ішінде Қазақстанның фармацевтикалық кәсіпорындарындағы өндірістің көлемі 37%-ға өсіп, 191 млрд теңгеге жетті, деп хабарлады Денсаулық ақтау министрлігі.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 126,6 млрд теңгеге дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда шамамен 30%-ға көп.
"Бүгінде елімізде фармацевтикалық және медициналық өнім өндіретін 209 кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде 43 кәсіпорын дәрілік заттар өндіреді. Отандық өнімнің заттай көрсеткіштердегі үлесі 40,3%-ға жетті", - деп жазылған хабарламада.
Сегіз ірі жоба Қазақстанда алғаш рет 494-тен астам атаудағы дәрілік заттарды өндіруді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Олардың қатарында онкологиялық, жүрек-қантамыр, аутоиммундық, орфандық және инфекциялық ауруларды, сондай-ақ қант диабетін емдеуге арналған препараттар бар. Нәтижесінде бұл пациенттер үшін қолжетімді дәрілік заттардың көбірек болуын және елдегі дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесінің тұрақтылығын арттыруды білдіреді.
Дәрі-дәрмек - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.09.2026
Дәрі-дәрмекті цифрлық есепке алу 2027 жылға қарай 2 миллионнан астам пациентті қамтиды
Жаңалықтар
0