Видео

Көкшетауда оқушы жүріп бара жатқан көліктен құлап түсті

Автомобиль
Автомобиль - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.10.2026
Жазылу
Оқиға 5 қазан күні сағат 8:00 шамасында қала мектептерінің жанында болған
АСТАНА, 5 қазан – Sputnik. Көкшетауда мектеп оқушысы жүріп бара жатқан көліктен құлап түсті.
Қауіпті жағдайдың видеосы әлеуметтік желілерде тарады.
Оқиға 5 қазан күні сағат 8:00 шамасында қала мектептерінің жанында болған.
Полицияның мәліметінше, Subaru Forester көлігінің жүргізушісі мектепке барған, бірақ баланы белгіленбеген жерде түсірген. Қозғалыс кезінде бала есікті ашып, көліктен құлап түсті.
Полицейлер тиісті жастағы балаларды тасымалдау кезінде қажетті қауіпсіздік белдігі немесе адаптер пайдаланылмай тасымалданғанын анықтады.
"Оқиға фактісі бойынша жүргізуші жолаушыларды тасымалдау талаптарын және тоқтату ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - дейді Ақмола облыстық полиция департаментінде.
Сондай-ақ, онымен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, балаларды тасымалдау ережелерін қатаң сақтау қажеттігі туралы еске салынды.
Полицей формасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.09.2026
Жарнама үшін көліктен басын шығарған жолаушы жазаланды
Жаңалықтар
0