https://sputnik.kz/20260922/zharnama-ushin-kolikten-basyn-shygargan-zholaushy-zhazalandy-66910956.html
Жарнама үшін көліктен басын шығарған жолаушы жазаланды
Жарнама үшін көліктен басын шығарған жолаушы жазаланды
Sputnik Қазақстан
Көлік жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды 22.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-22T22:38+0500
2026-09-22T22:38+0500
2026-09-22T22:38+0500
шығыс қазақстан
полиция
қылмыстық іс
https://sputnik.kz/img/07e9/09/11/57165265_0:63:1200:738_1920x0_80_0_0_a3581cc1f5757b1c91e68b714687aac9.jpg
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында жарнамалық ролик түсіру кезінде жол қозғалысы ережесін бұзғандар жауапқа тартылды, деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.Дүкенге арналған жарнамалық бейнеролик түсіру кезінде көпшіліктің назарын аударып, әсерлі кадр жасау мақсатында жүріп бара жатқан көліктен жолаушы басын шығарған.Полиция қызметкерлері бейнероликке қатысушыларды жедел анықтап, олардың әрекеттеріне құқықтық баға берді.Полиция мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін ескертеді.
https://sputnik.kz/20260805/denesin-kolik-terezesinen-shygargan-zholaushy-men-zhurgizushi-zhauapqa-tartyldy-65462910.html
шығыс қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/09/11/57165265_67:0:1134:800_1920x0_80_0_0_65ef81c5601cd75bd45ed9331a35d6fa.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
шығыс қазақстан, полиция, қылмыстық іс
шығыс қазақстан, полиция, қылмыстық іс
Жарнама үшін көліктен басын шығарған жолаушы жазаланды
Көлік жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды
АСТАНА, 22 қыркүйек – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында жарнамалық ролик түсіру кезінде жол қозғалысы ережесін бұзғандар жауапқа тартылды, деп хабарлады Ішкі істер министрлігі.
Дүкенге арналған жарнамалық бейнеролик түсіру кезінде көпшіліктің назарын аударып, әсерлі кадр жасау мақсатында жүріп бара жатқан көліктен жолаушы басын шығарған.
Полиция қызметкерлері бейнероликке қатысушыларды жедел анықтап, олардың әрекеттеріне құқықтық баға берді.
"Көлік жүргізушісі жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар қозғалыс кезінде көліктен басын шығарған жолаушыға да әкімшілік шара қолданылды", - дейді полицейлер.
Полиция мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіріп, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін ескертеді.