Денесін көлік терезесінен шығарған жолаушы мен жүргізуші жауапқа тартылды

© Sputnik / Владислав ВодневКөліктен шыққан аяқ
Көліктен шыққан аяқ - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.08.2026
Жазылу
Тексеру барысында полиция қызметкерлері оқиғаға қатысушыларды жедел анықтады
АСТАНА, 5 тамыз – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында қауіпті әрекет жасаған жүргізуші мен жолаушы жауапқа тартылды, деп хабарлады ішкі істер министрлігі.
Әлеуметтік желілерде тараған видеода жеңіл көлік қозғалысы кезінде жолаушы қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзып, денесін көліктің терезесінен сыртқа шығарғаны көрінеді.
"Бұл әрекет өзінің ғана емес, өзге де жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген", - дейді полицияда.
Тексеру барысында полиция қызметкерлері оқиғаға қатысушыларды жедел анықтады. Chevrolet Cobalt автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін жазаланды. Сондай-ақ қозғалыс кезінде қауіпсіздік белдігін тақпаған жолаушы да заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылды.
Полиция видео немесе фото түсіруге деген ұмтылыс қауіпті әрекеттерге себеп болмауы тиіс екенін ескертті.
Полицей формасы - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.07.2026
Маңғыстау облысында көліктен денесін шығарған блогер жауапқа тартылды
Жаңалықтар
0