Қазақстан ресейліктерден елге кіруге ақы алу жоспары туралы хабарлаған жоқ – РФ СІМ өкілі

© Sputnik / Наталья СеливерстоваЗдание Министерства иностранных дел РФ в Москве
Здание Министерства иностранных дел РФ в Москве - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2026
Жазылу
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Қазақстан тарапы ресейліктерден елге кіруге арналған электронды рұқсат (ETA) үшін ақы енгізу мүмкіндігі туралы Мәскеуге ешқандай хабарлама жібермеген. Бұл туралы РИА Новости агенттігіне берген сұхбатында Ресей СІМ ТМД елдері департаментінің директоры Александр Стерник мәлімдеді.
"Бұл мәселе бойынша қазақстандық әріптестерімізден ешқандай хабарлама алған жоқпыз. Әзірге бұл туралы ресми мәлімдемелерді де көрген жоқпыз", – деді ол.
Бұған дейін Ресейдің Қазақстандағы сауда өкілі Антон Логинов ресейліктер үшін елге кіруге арналған электронды рұқсаттың қазіргі уақытта пилоттық режимде жұмыс істеп тұрғанын хабарлаған. Қазақстан СІМ мәліметінше, әзірге оны алу міндетті емес әрі тегін.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 24 маусымда көші-қон мәселелері жөніндегі заңға өзгерістер енгізуді көздейтін құжатқа қол қойған. Құжат 25 тамызда күшіне енді. 1 қарашаға дейін шетел азаматтарына елге кіруге арналған QazETA (Kazakhstan Electronic Travel Authorization) электронды рұқсат жүйесі пилоттық режимде жұмыс істейді.
1 қарашадан бастап рұқсат халықаралық әуе рейстерінің жолаушылары үшін міндетті болады. 15 қарашадан бастап ЕАЭО-ға кірмейтін елдермен шекарадағы автомобиль өткізу бекеттері арқылы кіретіндерге, 30 қарашадан бастап ЕАЭО елдерімен шекарадағы автомобиль өткізу пункттерінде, ал 15 желтоқсаннан бастап пойыз жолаушылары мен теңіз порттары арқылы келетіндерге талап етіледі.
Пятая Международная конференция AGRICOM - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.07.2025
Шетелдіктер Қазақстанға келмей-ақ бизнес аша алады
Жаңалықтар
0