https://sputnik.kz/20250722/sheteldikter-qazaqstanga-kelmey-aq-biznes-asha-alady-55844713.html
Шетелдіктер Қазақстанға келмей-ақ бизнес аша алады
Шетелдіктер Қазақстанға келмей-ақ бизнес аша алады
Sputnik Қазақстан
Цифрлық даму министрлігі жаңа цифрлық мүмкіндіктерді таныстырды 22.07.2025, Sputnik Қазақстан
2025-07-22T15:24+0500
2025-07-22T15:24+0500
2025-07-22T15:24+0500
цифрландыру
цифрлы қазақстан
шетелдік
шетелдік инвесторлар
бизнес
https://sputnik.kz/img/07e8/09/19/47332318_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_32628f95ed1948b2eaea4ca44134fb8c.jpg
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Шетелдіктер бизнес ашу үшін елге келмей-ақ Астана халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясында тіркеле алады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.Министр үкімет отырысы барысында Қазақстанға келген шетелдіктерге қолайлы жағдай туғызу үшін жасалып жатқан мобильді қосымшалар туралы айтып берді.Соның ішінде министр QazETA қосымшасын мысалға келтірді.Бұл Қазақстандағы шетелдіктерге арналған мобильді қосымша, ол оларға бірқатар сервистерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.Олардың ішінде:"2025 жылғы 15 шілде күні пилоттық жоба аясында QazETA мобильді қосымшасы Playmarket-те орналастырылды. AppStore алаңында қосымшаны осы айдың соңына дейін орналастыру жоспарлануда", - дейді Жаслан Мәдиев.Бұдан басқа, биылғы қазан айында қосымша шеңберінде 2 жаңа процесс іске қосылады.Олар:Қазір бұл екеуіне қатысты заңнама пысықталып жатыр. Соңғысы (E-residency) Эстония мен Сейшелдің тәжірибесіне сай, бизнес ашу үшін елге келмей-ақ Астана халықаралық қаржы орталығы юрисдикциясында резиденттікті тіркеуге мүмкіндік береді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/09/19/47332318_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_753f95089d4174b5ae6e37555eeb9f59.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
цифрландыру, цифрлы қазақстан, шетелдік, шетелдік инвесторлар, бизнес
цифрландыру, цифрлы қазақстан, шетелдік, шетелдік инвесторлар, бизнес
Шетелдіктер Қазақстанға келмей-ақ бизнес аша алады
Цифрлық даму министрлігі жаңа цифрлық мүмкіндіктерді таныстырды
АСТАНА, 22 шілде – Sputnik. Шетелдіктер бизнес ашу үшін елге келмей-ақ Астана халықаралық қаржы орталығының юрисдикциясында тіркеле алады. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев
мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан. Министр үкімет отырысы барысында Қазақстанға келген шетелдіктерге қолайлы жағдай туғызу үшін жасалып жатқан мобильді қосымшалар туралы айтып берді.Соның ішінде министр QazETA қосымшасын мысалға келтірді.
Бұл Қазақстандағы шетелдіктерге арналған мобильді қосымша, ол оларға бірқатар сервистерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
цифрлық мемлекеттік қызметтер бөлігінде – виза алу, болу орны бойынша тіркелу және өзге де көші-қон сервистері;
туризм бөлігінде – көрікті жерлер, турлар, қонақүйлерді брондау, билеттерді сатып алу және т.б.;
байланыс және көлік бөлігінде – SIM-карталарды сатып алу, авто, такси жалдау, қоғамдық көліктің кестесі мен төлемі;
бизнес және инвестициялар бөлігінде – Astana Hub, Астана халықаралық қаржы орталығы, сондай-ақ B2B-қызметтер туралы ақпаратқа қол жеткізу;
қауіпсіздік бөлігінде – шұғыл байланыстар, медициналық қызметтер туралы ақпараттар бар.
"2025 жылғы 15 шілде күні пилоттық жоба аясында QazETA мобильді қосымшасы Playmarket-те орналастырылды. AppStore алаңында қосымшаны осы айдың соңына дейін орналастыру жоспарлануда", - дейді Жаслан Мәдиев.
Бұдан басқа, биылғы қазан айында қосымша шеңберінде 2 жаңа процесс іске қосылады.
1.
ETA (Electronic Travel Authorization) - визасыз елдерге кіруге рұқсат беру;
2.
E-residency – шетелдіктер үшін жаңа мүмкіндік.
Қазір бұл екеуіне қатысты заңнама пысықталып жатыр. Соңғысы (E-residency) Эстония мен Сейшелдің тәжірибесіне сай, бизнес ашу үшін елге келмей-ақ Астана халықаралық қаржы орталығы юрисдикциясында резиденттікті тіркеуге мүмкіндік береді.