Алматы тауларында жоғалып кеткен Корея азаматы 6 күннен бері табылмай жатыр

© PhotoГорный курорт "Шымбулак"
Горный курорт Шымбулак - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2026
Жазылу
73 жастағы Оңтүстік Корея азаматы бір топ адаммен бірге "Шымбұлақ" аспалы жолымен көтерілген. Кейін ол өз бетінше жолын жалғастырып, із-түзсіз жоғалып кеткен
АСТАНА, 4 қазан – Sputnik. Алматы тауларында жоғалып кеткен 73 жастағы Оңтүстік Корея азаматын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі іздеу-құтқару операциясының барысы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Министрліктің мәліметінше, іздеу жұмыстарына таулы жер бедері, тексерілетін аумақтың үлкендігі және биіктік айырмашылығы кедергі келтіріп отыр.
Құтқарушылар жетуі қиын учаскелерде, соның ішінде шатқалдар мен тау беткейлерінде жұмыс істеп жатыр.
Іздеу-құтқару жұмыстарына ТЖМ мен полиция қызметкерлері, сондай-ақ еріктілер жұмылдырылған. Жалпы 102 адам, 11 техника, кинологиялық қызметтің төрт тобы, алты дрон және ТЖМ авиациясы тартылған.
"Іздеу жұмыстары үздіксіз жалғасып жатыр. Құтқарушылар жетуі қиын учаскелерде, соның ішінде шатқалдар мен тау беткейлерінде жұмыс жүргізуде", – деп хабарлады ТЖМ.
Еске салайық, 28 қыркүйекте 73 жастағы шетелдік азамат бір топ адаммен бірге "Шымбұлақ" аспалы жолымен көтерілген. Кейін ол әріптестеріне маршрутты өз бетінше жалғастырып, қалаға ешкімнің көмегінсіз жетуге ниетті екенін айтқан. Алайда қонақүйге оралмаған.
Осыдан кейін іздеу жұмыстары ұйымдастырылды.
Туристы в горах Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.08.2026
Түнімен іздеген: Алматы облысында 3 мың метр биіктікте турист қыз адасып кетті
Жаңалықтар
0