Ресей Қазақстанмен КҚК қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін талқылады - РФ СІМ

© Photo : Официальный информационный телеграм-канал КТК Каспийский Трубопроводный Консорциум
 Каспийский Трубопроводный Консорциум - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.10.2026
Жазылу
2025 жылдың ақпан айынан бастап КҚК нысандары мен қазақстандық мұнай тасымалдайтын танкерлер үнемі дрон шабуылдарына ұшырап келеді
АСТАНА, 3 қазан - Sputnik. Ресей Украина Қарулы Күштерінің нысандарға бірнеше рет шабуыл жасауы аясында Каспий құбыр консорциумы нысандарының физикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін Қазақстанмен талқылап жатыр. Бұл жөнінде Ресей Сыртқы істер министрлігінің ТМД елдері жөніндегі үшінші департаментінің директоры Александр Стерник РИА Новостиге берген сұхбатында хабарлады.
"Новороссийскідегі теңіз терминалын қоса алғанда, КҚК нысандарының физикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі консорциум нысандарына террористік шабуылдарға қатты алаңдайтын қазақстандық серіктестерімізбен үнемі талқыланады. Біз КҚК-ның батыстық акционерлерімен байланыс арқылы құбырдың жұмысын қамтамасыз ету үшін бірлескен шаралар қабылдап жатырмыз", - деді ол агенттікке.
Дипломаттың айтуынша, КҚК жұмысындағы үзілістер әлемдік нарыққа энергия жеткізудің тұрақтылығына айтарлықтай зиян келтіріп, бүкіл әлемде отын бағасының өсуіне әкелуі мүмкін.
2025 жылдың ақпан айынан бастап КҚК нысандары мен қазақстандық мұнай тасымалдайтын танкерлер үнемі дрондардың шабуылына ұшырап келеді, деді Стерник.
"Биыл сегіз шабуыл болды. Бұл жағдайлардың барлығы шикізат батыстық алушыларына тасымалданғанына қарамастан болып отыр. Көптеген шетелдік көшбасшының дрондардың бақылаусыз шабуылына алаңдаушылық білдіруі түсінікті", - деді Стерник.
Каспий құбыр консорциумы құбыр жүйесі Каспий аймағынан әлемдік нарықтарға мұнай тасымалдаудың ең ірі бағыты және Қазақстан үшін негізгі бағыт болып табылады. Себебі ол Қазақстан экспортының 80%-дан астамын құрайды. 1500 шақырымдық құбыр елдің батысындағы кен орындарын Қара теңіз жағалауымен байланыстырады, онда мұнай теңіз терминалы арқылы танкерлерге тиеледі.
КҚК жаңа айлақ орнату және оны сынақтан өткізу жұмыстарын аяқтады - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2026
КҚК жаңа айлақ орнату және оны сынақтан өткізу жұмыстарын аяқтады
Жаңалықтар
0