КҚК жаңа айлақ орнату және оны сынақтан өткізу жұмыстарын аяқтады

© Пресс-служба Каспийского трубопроводного консорциумаКҚК жаңа айлақ орнату және оны сынақтан өткізу жұмыстарын аяқтады
КҚК жаңа айлақ орнату және оны сынақтан өткізу жұмыстарын аяқтады - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.09.2026
Жазылу
Жаңа қондырғыны пайдалану арқылы Aegean Dream танкеріне қазақстандық мұнайдың 127 000 тоннасы тиелді
АСТАНА, 14 қыркүйек – Sputnik. Тамыз және қыркүйек айларында Каспий құбыр консорциумы нысанында жаңа бір нүктелі айлақ қондырғысын орнату және оны сынақтан өткізу жұмыстары аяқталды.
Жаңа қондырғыны пайдалану арқылы Aegean Dream танкеріне қазақстандық мұнайдың жалпы көлемі 127 000 тоннасы тиелді.

"КТК енді қайтадан үш айлақ қондырғысын пайдалану мүмкіндігіне ие болды және қажет болған жағдайда оларды бір мезгілде қолдана алады", — делінген компанияның корпоративтік басылымында.

Каспий құбыр консорциумының құбыржолы Қазақстан мұнай экспортының 80%-ын тасымалдайды.
КҚК терминалында үш айлақ қондырғысы бар. Олардың бірі 2025 жылдың соңында Украина Қарулы күштерінің шабуылынан кейін пайдаланудан шығарылып, оның орнына жаңасы орнатылды.
Каспий құбыр консорциумы - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.09.2026
Каспий құбыр консорциумы терминалының маңында дронның қатысумен оқиға болды - министрлік
Жаңалықтар
0