https://sputnik.kz/20261003/qostanayda-turme-manynda-uyaly-baylanys-signalyn-asyrgan-operatorlar-zhauapqa-tartyldy-67269185.html
Қостанайда түрме маңында ұялы байланыс сигналын асырған операторлар жауапқа тартылды
Қостанайда түрме маңында ұялы байланыс сигналын асырған операторлар жауапқа тартылды
Sputnik Қазақстан
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша уәкілетті орган аталған үш оператор әкімшілік жауаптылыққа тартылып, айыппұл салынды 03.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-03T11:37+0500
2026-10-03T11:37+0500
2026-10-03T11:37+0500
бас прокуратура
ұялы байланыс
түрме
https://sputnik.kz/img/07e7/09/15/38664144_0:79:1500:923_1920x0_80_0_0_3a67c3c8c998434996b244e52a97b084.jpg
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Қостанайда түрме маңында ұялы байланыс сигналын рұқсат етілген деңгейден асырған операторлар жауапқа тартылды, деп хабарлады Бас прокуратура.Қостанай облысында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында ұялы байланыс сигналының деңгейіне өлшеу жүргізілді.Прокуратураның қадағалау актісі бойынша уәкілетті орган аталған үш оператор әкімшілік жауаптылыққа тартылып, айыппұл салынды.Қылмыстық-атқару кодексінің 97-бабына сәйкес ұялы байланыс операторлары өздерінің байланыс желілерін оңтайландыруды, оның ішінде ҚАЖ мекемелерінің аумағында радиосигналдың таралу деңгейін төмендету бойынша уақтылы шаралар қабылдауды қамтамасыз етуге міндетті, дейді прокурорлар.Бұл талаптардың сақталмауы ҚАЖ мекемелерінің режимдік талаптарын қамтамасыз етуге кері әсер етеді.Бұған дейін қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған адамның ұялы телефонды пайдалана отырып, 4 млн теңгеден астам сомаға алаяқтық жасағаны анықталды. Тергеу барысында одан ұялы телефондар тәркіленіп, кінәлі адам қылмыстық жауаптылыққа тартылды.
https://sputnik.kz/20260917/petropavlda-sottalgan-adam-turmede-otyryp-bopsalaumen-aynalysqan-66723434.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/15/38664144_83:0:1418:1001_1920x0_80_0_0_bd2b7772b12ae25a2e51a6cbcb9eceda.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бас прокуратура, ұялы байланыс, түрме
бас прокуратура, ұялы байланыс, түрме
Қостанайда түрме маңында ұялы байланыс сигналын асырған операторлар жауапқа тартылды
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша уәкілетті орган аталған үш оператор әкімшілік жауаптылыққа тартылып, айыппұл салынды
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Қостанайда түрме маңында ұялы байланыс сигналын рұқсат етілген деңгейден асырған операторлар жауапқа тартылды, деп хабарлады Бас прокуратура.
Қостанай облысында қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің аумағында ұялы байланыс сигналының деңгейіне өлшеу жүргізілді.
"Өлшеу нәтижелері бойынша ҚАЖ-дың үш мекемесінің аумағында "Кар-Тел" ЖШС ("Beeline"), "Kcell" АҚ және "Мобайл Телеком-Сервис" ЖШС ("ALTEL, Tele2") байланыс операторларының ұялы байланыс сигналының жол берілетін деңгейден асып кету фактілері анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша уәкілетті орган аталған үш оператор әкімшілік жауаптылыққа тартылып, айыппұл салынды.
Қылмыстық-атқару кодексінің 97-бабына сәйкес ұялы байланыс операторлары өздерінің байланыс желілерін оңтайландыруды, оның ішінде ҚАЖ мекемелерінің аумағында радиосигналдың таралу деңгейін төмендету бойынша уақтылы шаралар қабылдауды қамтамасыз етуге міндетті, дейді прокурорлар.
Бұл талаптардың сақталмауы ҚАЖ мекемелерінің режимдік талаптарын қамтамасыз етуге кері әсер етеді.
Бұған дейін қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған адамның ұялы телефонды пайдалана отырып, 4 млн теңгеден астам сомаға алаяқтық жасағаны анықталды. Тергеу барысында одан ұялы телефондар тәркіленіп, кінәлі адам қылмыстық жауаптылыққа тартылды.