Петропавлда сотталған адам түрмеде отырып бопсалаумен айналысқан

Здание СИЗО-72 в Алматы
Здание СИЗО-72 в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.09.2026
Жазылу
Қысым көрген жәбірленушілер банктен 300 000 және 145 000 теңге мөлшерінде қарыз рәсімдеген
АСТАНА, 17 қыркүйек – Sputnik. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жаза мерзімін өтеп жатқан адам бостандықтағы сыбайластарымен бірге адамдарды бопсалаған, деп хабарлайды Қылмыстық істер жөніндегі кассациялық соты.
Ер адам абақтыда отырып, бостандықтағы сыбайластарымен Петропавл қаласындағы саунада екі жәбірленушіден ақша бопсалаған. Ол қылмысқа бейнебайланыс арқылы қатысқан.
"Өзге сыбайласының телефонынан "Саша" есімімен тіркелген нөмір Л.-ға тиесілі екені және олардың арасындағы хат алмасу анықталған. Хат алмасуда қылмыстың мән-жайлары, оның іздерін жасыру әрекеттері және Л.-ға қылмыстық жолмен түскен ақшаның бір бөлігін аудару мәселелері талқыланған", - дейді сотта.
Ұялы байланыс операторының деректері аталған нөмірдің Л.-ға тиесілі екенін растады. Ал базалық станцияның мәліметтері қылмыс жасалған күні телефонның Л. жазасын өтеп жүрген мекеме орналасқан аумақта болғанын көрсеткен. Ал қысым көрген жәбірленушілер банктен 300 000 және 145 000 теңге мөлшерінде қарыз рәсімдеген.
Бірінші сатыдағы сот Л.-ға бопсалау үшін 3 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.
"Алайда түпкілікті жаза мерзімі 8 жылды құраған. Себебі жаңа қылмыстық құқық бұзушылықты ол 2011 жылғы үкім бойынша 21 жыл 9 айға бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген кезінде жасаған", - дейді кассациялық сотта.
Архивное фото человека в клетке для подсудимых - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2026
Ақтөбеде бопсалаумен айналысты деген күдікпен бір топ адам ұсталды
Жаңалықтар
0