Ақтөбеде бопсалаумен айналысты деген күдікпен бір топ адам ұсталды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуАрхивное фото человека в клетке для подсудимых
Архивное фото человека в клетке для подсудимых - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2026
Жазылу
Күдіктілер ер адамды автокөліктің ішінде заңсыз ұстап, бірнеше сағат бойы күш қолданған
АСТАНА, 2 шілде – Sputnik. Ақтөбеде ер адамды бірнеше сағат бойы ұрып-соғып, автокөлігін өз атына рәсімдеуді талап етті деген күдікпен бір топ адам ұсталды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Ақтөбе тұрғыны өзін бірнеше адамның заңсыз ұстап, мүлкін бопсалағаны туралы полицияға арызданған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, бес күдікті жәбірленушінің банк картасынан оның танысы ақша аударған деп есептеп, сол қаражатты қайтаруды сылтау еткен. Олар жәбірленушіден автокөлікті өз атына рәсімдеуді және қосымша ақша беруді талап еткен. Күдіктілер ер адамды автокөліктің ішінде заңсыз ұстап, бірнеше сағат бойы күш қолданып, өздерінің заңсыз талаптарын орындауға мәжбүрлеген", – дейді полиция.

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы арнайы мақсаттағы бөлімше жауынгерлерін тарта отырып жүргізген арнайы операция барысында барлық күдікті анықталып, ұсталды.
Тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Мобильная связь, тарифы - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.11.2025
Батыс Қазақстанда дропперді ұрып-соғып, заңсыз әрекетті жалғастыруға мәжбүрлеген
Жаңалықтар
0