https://sputnik.kz/20261003/qazaqstanda-600-mynga-zhuyq-pedagog-bilim-beru-salasynda-enbek-etedi-67278544.html
Қазақстанда 600 мыңға жуық педагог білім беру саласында еңбек етеді
Қазақстанда 600 мыңға жуық педагог білім беру саласында еңбек етеді
Sputnik Қазақстан
Мектептерде 53 мыңнан астам педагогтің еңбек өтілі 30 жылдан асады 03.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-03T14:31+0500
2026-10-03T14:31+0500
2026-10-03T14:31+0500
мектеп
мұғалім
министрлік
https://sputnik.kz/img/07e9/02/04/50533883_0:110:1171:769_1920x0_80_0_0_1c1d16f995eb148e3213351a6f536ecc.jpg
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Бүгінде елімізде білім беру жүйесінің барлық деңгейінде 600 мыңға жуық педагог жұмыс істейді, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.Ресми мәліметке сәйкес, педагогтер арасында көпжылдық тәжірибесі бар мамандардың үлесі де жоғары. Мектептерде 53 мыңнан астам педагогтің еңбек өтілі 30 жылдан асады. Тағы 73 мыңнан астам педагог білім беру саласында 20 жылдан 30 жылға дейін еңбек етіп келеді.Ал мектепке дейінгі ұйымдарда 5 мыңнан астам, ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 4 мыңнан астам педагогтің еңбек өтілі 30 жылдан жоғары.Бұл көрсеткіштер еліміздің білім беру жүйесінде бірнеше буын өкілдерінің қатар еңбек етіп, кәсіби тәжірибе мен педагогикалық дәстүр сабақтастығын жалғастырып келе жатқанын көрсетеді, дейді министрлікте.
https://sputnik.kz/20260103/biyl-200-mynnan-astam-pedagog-zhi-dagdylaryn-mengeredi-60119708.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/02/04/50533883_0:0:1171:878_1920x0_80_0_0_6bde765eb4a547940d5094dff590d70e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп, мұғалім, министрлік
мектеп, мұғалім, министрлік
Қазақстанда 600 мыңға жуық педагог білім беру саласында еңбек етеді
Мектептерде 53 мыңнан астам педагогтің еңбек өтілі 30 жылдан асады
АСТАНА, 3 қазан – Sputnik. Бүгінде елімізде білім беру жүйесінің барлық деңгейінде 600 мыңға жуық педагог жұмыс істейді, деп хабарлады Оқу-ағарту министрлігі.
"Еліміздің мектептерінде 420 мыңға жуық педагог еңбек етеді. Мектепке дейінгі ұйымдарда 104 мыңнан астам маман, ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 42 мыңға жуық педагог жұмыс істейді. Білім беру ұйымдарының барлық деңгейінде әйел мамандардың үлесі басым", - деп жазылған хабарламада.
Ресми мәліметке сәйкес, педагогтер арасында көпжылдық тәжірибесі бар мамандардың үлесі де жоғары. Мектептерде 53 мыңнан астам педагогтің еңбек өтілі 30 жылдан асады. Тағы 73 мыңнан астам педагог білім беру саласында 20 жылдан 30 жылға дейін еңбек етіп келеді.
Ал мектепке дейінгі ұйымдарда 5 мыңнан астам, ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 4 мыңнан астам педагогтің еңбек өтілі 30 жылдан жоғары.
Бұл көрсеткіштер еліміздің білім беру жүйесінде бірнеше буын өкілдерінің қатар еңбек етіп, кәсіби тәжірибе мен педагогикалық дәстүр сабақтастығын жалғастырып келе жатқанын көрсетеді, дейді министрлікте.