https://sputnik.kz/20260103/biyl-200-mynnan-astam-pedagog-zhi-dagdylaryn-mengeredi-60119708.html
Биыл 200 мыңнан астам педагог ЖИ дағдыларын меңгереді
Биыл 200 мыңнан астам педагог ЖИ дағдыларын меңгереді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 3 қаңтар - Sputnik. 2026 жылы Qazaq Digital Mektebi және педагог мамандарға арналған ЖИ-мен қамтылған Ұлттық білім беру платформасы іске қосылады, деп... 03.01.2026, Sputnik Қазақстан
2026-01-03T18:40+0500
2026-01-03T18:40+0500
2026-01-03T18:42+0500
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0e/58753123_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_d0085b899f241385d4b9a8e2249f13a6.jpg
АЛМАТЫ, 3 қаңтар - Sputnik. 2026 жылы Qazaq Digital Mektebi және педагог мамандарға арналған ЖИ-мен қамтылған Ұлттық білім беру платформасы іске қосылады, деп хабарлайды үкімет.Мұғалімдердің жүктемесін азайтып, оқушылардың ЖИ сауаттылығын арттыруға және Ұлттық білім беру платформасын құруға бағытталған жасанды интеллект жүзеге асады. Бұл туралы оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов мәлімдеді.Бұл мұғалімдердің күнделікті жүктемесін азайтады. Өйткені ЖИ агенттері педагогикалық кеңестерге дайындық кезінде көмектесе алады."2026–2027 оқу жылынан бастап шағын жинақты мектептер үшін пилоттық өңірлерде Qazaq Digital mektebi жобасы іске қосылады. Онда ЖИ репетиторлары қолданылады. 2026 жылы 200 мыңнан астам педагог тәжірибелік ЖИ дағдыларын меңгереді", — деп толықтырды вице-министр.Оқушылар арасында ЖИ сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінбек.Сонымен қатар 2026 жылдың бірінші жартысында министрлік жанындағы жұмыс тобы заңнамалық өзгерістер бойынша ұсынымдар әзірлеп, білім беру саласында жасанды интеллект қолдану бойынша пилоттық жобалардың тиімділігін бағалайды.
https://sputnik.kz/20250709/toqaev-otandyq-zhi-zhobalarymen-tanysty-55522217.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0b/0e/58753123_14:0:974:720_1920x0_80_0_0_c4dce1faf25b4af720138b53ffd92ff8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мектеп
Биыл 200 мыңнан астам педагог ЖИ дағдыларын меңгереді
18:40 03.01.2026 (жаңартылды: 18:42 03.01.2026) АЛМАТЫ, 3 қаңтар - Sputnik. 2026 жылы Qazaq Digital Mektebi және педагог мамандарға арналған ЖИ-мен қамтылған Ұлттық білім беру платформасы іске қосылады, деп хабарлайды үкімет.
Мұғалімдердің жүктемесін азайтып, оқушылардың ЖИ сауаттылығын арттыруға және Ұлттық білім беру платформасын құруға бағытталған жасанды интеллект жүзеге асады. Бұл туралы оқу-ағарту вице-министрі Асылбек Ахметжанов мәлімдеді.
"Бұған қол жеткізу үшін ұлттық білім беру дерекқоры жаңғыртылып, ол барлық LMS, яғни электрондық күнделіктер мен журналдардың бірыңғай деректер қоймасына айналады. Бұл барлық деректі QazTech мемлекеттік бұлтты платформада шоғырландыруға мүмкіндік береді", — деді ол.
Бұл мұғалімдердің күнделікті жүктемесін азайтады. Өйткені ЖИ агенттері педагогикалық кеңестерге дайындық кезінде көмектесе алады.
"2026–2027 оқу жылынан бастап шағын жинақты мектептер үшін пилоттық өңірлерде Qazaq Digital mektebi жобасы іске қосылады. Онда ЖИ репетиторлары қолданылады. 2026 жылы 200 мыңнан астам педагог тәжірибелік ЖИ дағдыларын меңгереді", — деп толықтырды вице-министр.
Оқушылар арасында ЖИ сауаттылығын арттыруға ерекше көңіл бөлінбек.
Сонымен қатар 2026 жылдың бірінші жартысында министрлік жанындағы жұмыс тобы заңнамалық өзгерістер бойынша ұсынымдар әзірлеп, білім беру саласында жасанды интеллект қолдану бойынша пилоттық жобалардың тиімділігін бағалайды.