Шымкентте жасөспірімдерден интимдік фото сұраған ер адам ұсталды

© Sputnik / Тимур БатыршинҚолкісен
Қолкісен - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2026
Жазылу
Ер адам қызбен онлайн ойын арқылы танысып, оның телефон нөмірін сұрап алып, WhatsApp-та хат алмасқан
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Шымкентте кәмелетке толмағандарға қатысты заңсыз әрекеттер жасады деген күдікпен ер адам, ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ер адам интернет-мессенджерлер арқылы 10 жастан 12 жасқа дейінгі балалармен танысып, өзін 14 жастағы жасөспірім ретінде таныстырған. Олардың сеніміне кіріп, интернетте сөйлесуді жалғастырған.
"Сондай жағдайлардың бірінде ер адам қызбен онлайн ойын арқылы танысып, оның телефон нөмірін сұрап алып, WhatsApp-та хат алмасқан. Түрлі сылтаулармен сөйлесу барысында ол жасөспірімнен интимдік сипаттағы суреттер мен бейнежазбаларды жіберуді сұраған", - дейді полицияда.
Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде қала тұрғыны ұсталды. Ол өз кінәсін мойындады. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2026
Кәмелетке толмаған қыздың интимдік фотоларын таратқан ер адам ұсталды
Жаңалықтар
0