Кәмелетке толмаған қыздың интимдік фотоларын таратқан ер адам ұсталды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков / Медиабанкке өтуНаручники
Наручники  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.07.2026
Жазылу
Күдікті 20 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы беремін деп уәде етіп, қыздан интимдік сипаттағы фотосуреттер мен бейнематериалдарды алған
АЛМАТЫ, 7 шілде – Sputnik. Жетісу облысының тұрғыны кәмелетке толмаған қыздың интимдік сипаттағы материалдарын заңсыз таратқан, деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицейлер Алакөл ауданының 22 жастағы тұрғынын ұстады.
"Күдікті TikTok әлеуметтік желісі арқылы кәмелетке толмаған қызбен танысып, кейін байланысын мессенджерлердің бірі арқылы жалғастырған. Қыздың сеніміне кірген ол психологиялық қысым көрсетіп, қорқытып, сондай-ақ 20 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы беремін деп уәде етіп, одан интимдік сипаттағы фотосуреттер мен бейнематериалдарды алған", - дейді полиция.
Кейін күдікті бейнематериалдарды мессенджерлердің біріндегі жабық арналар арқылы заңсыз таратып, одан материалдық пайда тапқан.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Карточка Kaspi bank и смартфон, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.08.2025
"Интим суреттеріңді таратамын": Орал тұрғыны бұрынғы қызын бопсалаған
Жаңалықтар
0