https://sputnik.kz/20261002/qyrkuyekte-azyq-tulik-inflyatsiyasy-85-dy-qurady-67235673.html
Қыркүйекте азық-түлік инфляциясы 8,5%-ды құрады
Қыркүйекте азық-түлік инфляциясы 8,5%-ды құрады
Sputnik Қазақстан
Жекелеген жеміс-көкөніс өнімдері бойынша бағаның төмендеуі жылдық көрсеткіштен де байқалады 02.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-02T08:36+0500
2026-10-02T08:36+0500
2026-10-02T08:36+0500
азық-түлік
инфляция
баға
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/0b/57790022_0:199:960:739_1920x0_80_0_0_64288bb6b84dc93b37af8a57bf2ee184.jpg
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың қыркүйегінде Қазақстандағы жылдық инфляция 9,3%-ды құрады.Оның ішінде азық-түлік тауарларының бағасы 8,5%-ға өскен. Ал айлық инфляция тамыз айындағы деңгейде сақталып, 0,6%-ды құрады.Сонымен бірге қыркүйек айында бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді.Жекелеген жеміс-көкөніс өнімдері бойынша бағаның төмендеуі жылдық көрсеткіштен де байқалады. Соңғы бір жылда алманың бағасы 11,1%-ға, лимон 8,3%-ға, қызылша 6,9%-ға, қырыққабат 6,1%-ға, банан 5,6%-ға, тәтті бұрыш 3,9%-ға төмендеді.Сауда және интеграция министрлігі жыл басынан бері тікелей жеткізу тетігі арқылы ішкі нарыққа шамамен 33,2 мың тонна картоп, 13,9 мың тонна сәбіз, 4,7 мың тонна пияз және 177,7 тонна ақ қырыққабат жеткізілгенін хабарлады. Бұл өнімдердің негізгі көлемі Қытайдан, Өзбекстаннан және өңірдегі басқа да елдерден жеткізілді."Өңірлік комиссиялар өнімсіз делдалдарды анықтау және жеткізу тізбегінен шығару бойынша жұмыстар аиқарып жатыр. Жыл басынан бері 816 отырыс өткізіліп, 3 391 заңбұзушылық фактісі анықталды. Соның нәтижесінде жеткізу тізбегінен 222 өнімсіз делдал шығарылды", - дейді министрлікте.Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің шекті мөлшерден асып кеткен жағдайлар бойынша 3 610 әкімшілік қаулы шығарылды.
https://sputnik.kz/20260831/tamyzda-aleumettik-manyzy-bar-azyq-tulik-bagasy-arzandady-66221213.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/0a/0b/57790022_0:280:960:1000_1920x0_80_0_0_5127132fe47daf16d0e013b0208859ef.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
азық-түлік, инфляция, баға
азық-түлік, инфляция, баға
Қыркүйекте азық-түлік инфляциясы 8,5%-ды құрады
Жекелеген жеміс-көкөніс өнімдері бойынша бағаның төмендеуі жылдық көрсеткіштен де байқалады
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың қыркүйегінде Қазақстандағы жылдық инфляция 9,3%-ды құрады.
Оның ішінде азық-түлік тауарларының бағасы 8,5%-ға өскен. Ал айлық инфляция тамыз айындағы деңгейде сақталып, 0,6%-ды құрады.
Сонымен бірге қыркүйек айында бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді.
"Мәселен, пияздың бағасы – 20,7%-ға, лимон – 13,9%-ға, сәбіз – 13,6%-ға, картоп – 13,4%-ға, баялды – 11,2%-ға, қырыққабат – 10,1%-ға арзандады. Бұдан бөлек, тәтті бұрыш, алма, алмұрт, сарымсақ және банан бағасы да төмендеді. Балалар тағамына арналған жармалар 6,1%-ға, ал қант 1,3%-ға арзандаған", - дейді статистика мамандары.
Жекелеген жеміс-көкөніс өнімдері бойынша бағаның төмендеуі жылдық көрсеткіштен де байқалады. Соңғы бір жылда алманың бағасы 11,1%-ға, лимон 8,3%-ға, қызылша 6,9%-ға, қырыққабат 6,1%-ға, банан 5,6%-ға, тәтті бұрыш 3,9%-ға төмендеді.
Сауда және интеграция министрлігі жыл басынан бері тікелей жеткізу тетігі арқылы ішкі нарыққа шамамен 33,2 мың тонна картоп, 13,9 мың тонна сәбіз, 4,7 мың тонна пияз және 177,7 тонна ақ қырыққабат жеткізілгенін хабарлады. Бұл өнімдердің негізгі көлемі Қытайдан, Өзбекстаннан және өңірдегі басқа да елдерден жеткізілді.
"Өңірлік комиссиялар өнімсіз делдалдарды анықтау және жеткізу тізбегінен шығару бойынша жұмыстар аиқарып жатыр. Жыл басынан бері 816 отырыс өткізіліп, 3 391 заңбұзушылық фактісі анықталды. Соның нәтижесінде жеткізу тізбегінен 222 өнімсіз делдал шығарылды", - дейді министрлікте.
Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесінің шекті мөлшерден асып кеткен жағдайлар бойынша 3 610 әкімшілік қаулы шығарылды.