Тамызда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасы арзандады

Көкөністер - Sputnik Қазақстан, 1920, 31.08.2026
Жазылу
Жыл басынан бері индекс 101,4%-ды құрады, ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 107,9% болған
АСТАНА, 31 тамыз – Sputnik. Тамыз әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдері бағасының төмендеуімен аяқталды, деп хабарлады Сауда және интеграция министрлігі.
Соңғы аптаның қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) индексі 100,0%-ды құрады. Тамыз айының басынан бері бағалар 0,2%-ға төмендеді. Жыл басынан бері индекс 101,4%-ды құрады, ал өткен жылдың сәйкес кезеңінде бұл көрсеткіш 107,9% болған.
Осылайша, жыл басынан бері ӘМАТ бағасының өсуі ең төмен деңгейде қалып отыр және өткен жылғы көрсеткіштен 5 еседен астам төмен.
"Қазіргі оң динамикаға жаңа өнімнің маусымдық түсуі ықпал етуде. Көкөніс өнімдері бағасының төмендеуі жалпы индексті тұрақтандырып, жекелеген тауарлар бойынша бағаның өсуін өтеуге мүмкіндік беріп отыр", - деп жазылған хабарламада.
ӘМАТ бойынша оң динамика азық-түлік инфляциясынан да көрінеді. Жылдық мәнде оның деңгейі өткен жылғы желтоқсандағы 13,5%-дан шілде қорытындысы бойынша 10,1%-ға дейін төмендеді.
Бұл ретте жұмыс маусымдық шаралармен ғана шектелмейді. Негізгі назар өнімдердің түпкілікті құнына тікелей әсер ететін факторларға: делдалдарға, нарықтарға, көлік шығындарына және өндірушілердің босату бағаларына аударылды.
Азық-түлік - Sputnik Қазақстан, 1920, 14.08.2026
Бір аптада елде қандай азық-түлік арзандады
Жаңалықтар
0