Видео

Құны 1 млрд теңгеге жуық марганецті заңсыз өндіргендер анықталды

© Sputnik / С.Щербаков / Медиабанкке өтуКен орны
Кен орны - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.10.2026
Жазылу
Сатылған марганец кенінің көлемі 4 мың текше метрден асты
АСТАНА, 2 қазан – Sputnik. Ұлытау облысының Қаражал қаласындағы "Восточный" карьері аумағында марганец кенін заңсыз өндіруді ұйымдастырған адамдар тобының әрекетін тоқтатылды, деп хабарлады Қаржылық мониторинг агенттігі.
Күдіктілер заңсыз кен өндіру үшін ауыр карьер техникасын — экскаваторлар, тиегіштер мен самосвалдарды пайдаланған.
"Карьер аумағында өндірістік база жабдықталып, онда өндірілген шикізат ұсақтау-жуу кешені арқылы өңделген. Кейін кен жүк автокөліктерімен тиісті құжаттарды пайдалана отырып, ел аумағынан тыс жерге шығарылған", - деп жазылған хабарламада.
Нәтижесінде сатылған марганец кенінің көлемі 4 мың текше метрден асып, оның құны 950 млн теңгеден асады.
Тергеу жалғасып жатыр.
Жүк пойызы - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.09.2026
Қазақстан арқылы Орталық және Оңтүстік Азияға 130 мың тонна астық заңсыз тасымалданған
Жаңалықтар
0