https://sputnik.kz/20260929/qazaqstan-arqyly-ortalyq-zhane-ontustik-aziyaga-130-myn-tonna-astyq-zansyz-tasymaldangan-67147193.html
Қазақстан арқылы Орталық және Оңтүстік Азияға 130 мың тонна астық заңсыз тасымалданған
Қазақстан арқылы Орталық және Оңтүстік Азияға 130 мың тонна астық заңсыз тасымалданған
Sputnik Қазақстан
Схеманы іске асыру үшін алдын ала жалған басшылардың атына коммерциялық ұйымдар тіркелген 29.09.2026, Sputnik Қазақстан
2026-09-29T13:53+0500
2026-09-29T13:53+0500
2026-09-29T13:56+0500
астық
бидай
тасымалдау
https://sputnik.kz/img/07e8/04/11/43710795_0:98:1200:773_1920x0_80_0_0_08cca368eff0789f856341e2e0553f5e.jpg
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында астықты заңсыз тасымалдағандардың жолы кесілді, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.Импортталған астық Қазақстанда өндірілген өнім ретінде Орталық және Оңтүстік Азия елдеріне экспортталған.Схеманы іске асыру үшін алдын ала жалған басшылардың атына коммерциялық ұйымдар тіркелген. Кейін бұл компаниялар мен отандық шаруа қожалықтары арасында астық сатып алуға қатысты жалған шарттар рәсімделген. Осылайша астыққа Қазақстанда өндірілген өнім түрі беріліп, оны тасымалдау кезінде жеңілдетілген тариф қолданылған."Астық экспортына қатысты схемада "Bakery Nan", "KazGrano", "Perfect Seed", "Weizen" және "Golden Grain Kazakhstan" ЖШС-лары пайдаланылған. Транзиттік тарифтің төленбеуі салдарынан "ҚТЖ – Жүк тасымалы" ЖШС-не 1 млрд теңгеден аса көлемінде залал келтірілген", - дейді Қаржылық мониторинг агенттігі.Сонымен қатар күдіктілер салық төлеуден жалтару үшін өздерінің бақылауындағы экспорттаушы компаниялардың шоттарынан үлестес ұйымдардың шоттарына ақша аударып, кейін банкроттық туралы талап арыздар берген.Аталған әрекеттер мемлекет мүддесіне 1,2 млрд теңге көлемінде залал келтірген. Іс бойынша бес адам күдікті деп танылды.Сотқа дейінгі тергеу аяқталды.
https://sputnik.kz/20260624/qostanayda-er-adam-spirtti-sirke-suy-retinde-korsetip-tasymaldagan-64395242.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/11/43710795_85:0:1116:773_1920x0_80_0_0_eb714c4aafc545f419ad339694b53745.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астық, бидай, тасымалдау
Қазақстан арқылы Орталық және Оңтүстік Азияға 130 мың тонна астық заңсыз тасымалданған
13:53 29.09.2026 (жаңартылды: 13:56 29.09.2026) Схеманы іске асыру үшін алдын ала жалған басшылардың атына коммерциялық ұйымдар тіркелген
АСТАНА, 29 қыркүйек – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында астықты заңсыз тасымалдағандардың жолы кесілді, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.
Импортталған астық Қазақстанда өндірілген өнім ретінде Орталық және Оңтүстік Азия елдеріне экспортталған.
"Қазақстан аумағы арқылы жалпы құны 11,2 млрд теңге болатын шамамен 130 мың тонна астық экспортталған. Жеткізілімдер Өзбекстанға, Ауғанстанға және Тәжікстанға жүзеге асырылған", - дейді агенттікте.
Схеманы іске асыру үшін алдын ала жалған басшылардың атына коммерциялық ұйымдар тіркелген. Кейін бұл компаниялар мен отандық шаруа қожалықтары арасында астық сатып алуға қатысты жалған шарттар рәсімделген. Осылайша астыққа Қазақстанда өндірілген өнім түрі беріліп, оны тасымалдау кезінде жеңілдетілген тариф қолданылған.
"Астық экспортына қатысты схемада "Bakery Nan", "KazGrano", "Perfect Seed", "Weizen" және "Golden Grain Kazakhstan" ЖШС-лары пайдаланылған. Транзиттік тарифтің төленбеуі салдарынан "ҚТЖ – Жүк тасымалы" ЖШС-не 1 млрд теңгеден аса көлемінде залал келтірілген", - дейді Қаржылық мониторинг агенттігі.
Сонымен қатар күдіктілер салық төлеуден жалтару үшін өздерінің бақылауындағы экспорттаушы компаниялардың шоттарынан үлестес ұйымдардың шоттарына ақша аударып, кейін банкроттық туралы талап арыздар берген.
Аталған әрекеттер мемлекет мүддесіне 1,2 млрд теңге көлемінде залал келтірген. Іс бойынша бес адам күдікті деп танылды.
Сотқа дейінгі тергеу аяқталды.