https://sputnik.kz/20260624/qostanayda-er-adam-spirtti-sirke-suy-retinde-korsetip-tasymaldagan-64395242.html
Қостанайда ер адам спиртті сірке суы ретінде көрсетіп тасымалдаған
Қостанайда ер адам спиртті сірке суы ретінде көрсетіп тасымалдаған
Sputnik Қазақстан
Сотталушы кінәлі деп танылып, оған 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағайындалды 24.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-24T14:17+0500
2026-06-24T14:17+0500
2026-06-24T14:25+0500
бас прокуратура
қостанай облысы
тасымалдау
https://sputnik.kz/img/315/58/3155829_0:153:3097:1895_1920x0_80_0_0_e30c30654c0010c9ccf4026ec6ccddc6.jpg
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Қостанай облысында 24 тонна спиртті заңсыз әкетудің жолы кесілді, деп хабарлады бас прокуратура.Облыстық прокуратураның үйлестіруімен Қарабалық ауданындағы "Кайрак" өткізу пунктінде облыстық Экономикалық тергеп-тексеру және шекара қызметі департаменттері этил спиртін жалған құжаттар арқылы елден тыс жерлерге заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті.Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдіктінің әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 224-бабының 1-бөлігі бойынша сараланды. Яғни, кәсіпкерлік қызметті тіркеусіз, сол сияқты осындай қызмет үшін міндетті лицензиясыз, акцизделетін тауарларды елеулі мөлшерде тасымалдаумен ұштасқан жүзеге асыру.Қарабалық аудандық сотының 2026 жылғы 4 маусымдағы үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағайындалды. Бұл мемлекет пайдасына 24 тонна этил спиртін тәркілей отырып, 786 400 теңгені құрайды.Үкім заңды күшіне енді.
https://sputnik.kz/20260624/quramynda-psikhotroptyq-zattary-bar-preparattardy-zansyz-ondirgender-ustaldy-64381764.html
қостанай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/315/58/3155829_182:0:2913:2048_1920x0_80_0_0_389afa4b3e8967d051daafc29c3f07a4.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бас прокуратура, қостанай облысы, тасымалдау
бас прокуратура, қостанай облысы, тасымалдау
Қостанайда ер адам спиртті сірке суы ретінде көрсетіп тасымалдаған
14:17 24.06.2026 (жаңартылды: 14:25 24.06.2026) Сотталушы кінәлі деп танылып, оған 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағайындалды
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Қостанай облысында 24 тонна спиртті заңсыз әкетудің жолы кесілді, деп хабарлады бас прокуратура.
Облыстық прокуратураның үйлестіруімен Қарабалық ауданындағы "Кайрак" өткізу пунктінде облыстық Экономикалық тергеп-тексеру және шекара қызметі департаменттері этил спиртін жалған құжаттар арқылы елден тыс жерлерге заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті.
"Жеке тұлғаның республиканың оңтүстік өңірлерінен акцизделетін өнімді тасымалдауға лицензиясыз және кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркеусіз айтарлықтай мөлшерде тасымалдағаны анықталды. Салық салу объектісін жасыру мақсатында ілеспе құжаттарда жүк "алма сірке суы" ретінде көрсетілген", - деп жазылған хабарламада.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында күдіктінің әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 224-бабының 1-бөлігі бойынша сараланды. Яғни, кәсіпкерлік қызметті тіркеусіз, сол сияқты осындай қызмет үшін міндетті лицензиясыз, акцизделетін тауарларды елеулі мөлшерде тасымалдаумен ұштасқан жүзеге асыру.
Қарабалық аудандық сотының 2026 жылғы 4 маусымдағы үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 200 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағайындалды. Бұл мемлекет пайдасына 24 тонна этил спиртін тәркілей отырып, 786 400 теңгені құрайды.