https://sputnik.kz/20260624/quramynda-psikhotroptyq-zattary-bar-preparattardy-zansyz-ondirgender-ustaldy-64381764.html
Құрамында психотроптық заттары бар препараттарды заңсыз өндіргендер ұсталды
Құрамында психотроптық заттары бар препараттарды заңсыз өндіргендер ұсталды
Sputnik Қазақстан
аталған заңсыз қызметті ұйымдастырушыларға ақшалай сыйақы үшін қолдау көрсеткен лауазымды тұлғалар анықталып, ұсталды 24.06.2026, Sputnik Қазақстан
2026-06-24T08:38+0500
2026-06-24T08:38+0500
2026-06-24T08:38+0500
алматы
дәрі-дәрмек
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07e9/07/16/55827708_0:62:1059:658_1920x0_80_0_0_fdaf62be7fbb13f3a09c0df26aa796db.jpg
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Алматы қаласында көршілес мемлекеттерден дәрілік препараттарды, оның ішінде күшті әсер ететін медикаменттерді контрабандалық жолмен әкеліп, кейін оларды еліміздің дәріханалар желісі арқылы өткізумен айналысқан төрт фармацевтикалық компанияның заңсыз қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Polisia.kz.Контрафактілік өнімдер антисанитариялық жағдайда дайындалғандықтан, азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген. Мұндай препараттарды қолдану адам денсаулығына қайтымсыз зардаптарға әкелуі мүмкін.Жедел іс-шаралар аясында аталған заңсыз қызметті ұйымдастырушыларға ақшалай сыйақы үшін қолдау көрсеткен лауазымды тұлғалар анықталып, ұсталды. Олардың әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы бойынша сараланды.Тауар айналымы мен қаржылық ағындарға жүргізілген талдау көлеңкелі схемалардың, контрабандалық және контрафактілік қызметтің болғанын растады. Алдын ала мәліметтер бойынша, өткен жылы мемлекетке 800 миллион теңгеден астам сома көлемінде салықтар мен өзге де міндетті төлемдер төленбеген.Қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар мен олардың сыбайластары уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
https://sputnik.kz/20260515/biyl-memleket-esebinen-dari-alatyndar-tarapynan-shagymdar-sany-18-ga-azaydy---ministrlik-63452088.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/07/16/55827708_50:0:1010:720_1920x0_80_0_0_a8602009f8c57dd73cca38f855ae40d2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, дәрі-дәрмек, қылмыс
алматы, дәрі-дәрмек, қылмыс
Құрамында психотроптық заттары бар препараттарды заңсыз өндіргендер ұсталды
аталған заңсыз қызметті ұйымдастырушыларға ақшалай сыйақы үшін қолдау көрсеткен лауазымды тұлғалар анықталып, ұсталды
АСТАНА, 24 маусым – Sputnik. Алматы қаласында көршілес мемлекеттерден дәрілік препараттарды, оның ішінде күшті әсер ететін медикаменттерді контрабандалық жолмен әкеліп, кейін оларды еліміздің дәріханалар желісі арқылы өткізумен айналысқан төрт фармацевтикалық компанияның заңсыз қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды
Polisia.kz.
"Тергеу барысында күдіктілердің дәрілік заттарды, соның ішінде құрамында психотроптық заттары бар препараттарды қолдан жасалған тәсілмен заңсыз өндіргені анықталды. Бірнеше қойма мен жасырын өндірістік цех табылды", - деп жазылған хабарламада.
Контрафактілік өнімдер антисанитариялық жағдайда дайындалғандықтан, азаматтардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген. Мұндай препараттарды қолдану адам денсаулығына қайтымсыз зардаптарға әкелуі мүмкін.
Жедел іс-шаралар аясында аталған заңсыз қызметті ұйымдастырушыларға ақшалай сыйақы үшін қолдау көрсеткен лауазымды тұлғалар анықталып, ұсталды. Олардың әрекеттері Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 366-бабы бойынша сараланды.
Тауар айналымы мен қаржылық ағындарға жүргізілген талдау көлеңкелі схемалардың, контрабандалық және контрафактілік қызметтің болғанын растады. Алдын ала мәліметтер бойынша, өткен жылы мемлекетке 800 миллион теңгеден астам сома көлемінде салықтар мен өзге де міндетті төлемдер төленбеген.
"Бірлескен арнайы операция барысында заңсыз айналымнан ірі көлемдегі ақша, ондаған мың қаптама жалған дәрілік препараттар, оның ішінде айналымы шектелген дәрілер, сондай-ақ оларды өндіруге арналған жабдықтар мен шикізат тәркіленді. Бұл жалған медициналық өнімдердің едәуір көлемінің заңды айналымға түсуіне жол бермеуге мүмкіндік берді", - дейді полицияда.
Қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар мен олардың сыбайластары уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.