https://sputnik.kz/20261001/qazaqstandyq-azirlemeler-minskidegi-kormede-tanystyryldy-67232884.html
Қазақстандық әзірлемелер Минскідегі көрмеде таныстырылды
Қазақстандық әзірлемелер Минскідегі көрмеде таныстырылды
Sputnik Қазақстан
Қазақстаннан "ИННОПРОМ. Беларусь" көрмесіне 20 компания қатысып жатыр 01.10.2026, Sputnik Қазақстан
2026-10-01T21:37+0500
2026-10-01T21:37+0500
2026-10-01T21:37+0500
көрме
беларусь
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/01/67232982_0:76:1280:796_1920x0_80_0_0_9027e2bfbbf5839e4f50c7b34d3c1895.jpg
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Қазақстаннан "ИННОПРОМ. Беларусь" көрмесіне машина жасау, цифрландыру, тау-кен металлургиясы, химия және жеңіл өнеркәсіп салаларынан 20 компания қатысып жатыр, деп хабарлады үкімет.Көрмеде экспорттық әлеуеті жоғары жаңа әзірлемелер, соның ішінде теміржол дөңгелек жұптары мен 1520 мм жолтабанға арналған жаңа S-тәрізді дискілер таныстырылды.KSP Steel тұтас құбырлар өндірісі мен экспортын кеңейтіп жатыр. Компания АҚШ-қа жалпы құны 93 млн доллардан асатын келісімшарттар жасасқан. Қазір өнім Канадаға, Мысырға және Орталық Азия елдеріне де экспортталады.Qazaq Investment Company Қазақстанда компьютерлік техникаға арналған платаларды өндірудің толық циклін іске қосуды жоспарлап отыр. Жаңа өндірісте серверлер, аналық платалар және жинақтауыштар шығарылады. Кейін платаларға жасанды интеллект элементтерін енгізу жоспарланған.Ал қазақстандық TrustExam.ai стартапының қашықтан аттестаттау жүйесі Ресей, Канада, Үндістан және АҚШ-та қолданылады. "Газпромнефтьпен" жасалған келісім аясында компанияның шамамен 100 қызметкері осы жүйе арқылы аттестаттаудан өткен.
https://sputnik.kz/20250827/minskte-abay-qunanbayulyna-arnalgan-korme-ashyldy-56633706.html
беларусь
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2026
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07ea/0a/01/67232982_59:0:1222:872_1920x0_80_0_0_75ed94fa8e6293d666020158987f100c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
көрме, беларусь
Қазақстандық әзірлемелер Минскідегі көрмеде таныстырылды
Қазақстаннан "ИННОПРОМ. Беларусь" көрмесіне 20 компания қатысып жатыр
АСТАНА, 1 қазан – Sputnik. Қазақстаннан "ИННОПРОМ. Беларусь" көрмесіне машина жасау, цифрландыру, тау-кен металлургиясы, химия және жеңіл өнеркәсіп салаларынан 20 компания қатысып жатыр, деп хабарлады үкімет.
Көрмеде экспорттық әлеуеті жоғары жаңа әзірлемелер, соның ішінде теміржол дөңгелек жұптары мен 1520 мм жолтабанға арналған жаңа S-тәрізді дискілер таныстырылды.
"Қазақстандық тұрмыстық техника өндіруші Almaty Turmystyq Tehnika Zavody 2025 жылы 55 мың бірлік өнім шығарды. Компания 2026 жылдың соңына дейін өндіріс көлемін 100-110 мың бірлікке жеткізуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ ТМД нарығына шығуды көздеп отыр", - деп жазылған хабарламада.
KSP Steel тұтас құбырлар өндірісі мен экспортын кеңейтіп жатыр. Компания АҚШ-қа жалпы құны 93 млн доллардан асатын келісімшарттар жасасқан. Қазір өнім Канадаға, Мысырға және Орталық Азия елдеріне де экспортталады.
Qazaq Investment Company Қазақстанда компьютерлік техникаға арналған платаларды өндірудің толық циклін іске қосуды жоспарлап отыр. Жаңа өндірісте серверлер, аналық платалар және жинақтауыштар шығарылады. Кейін платаларға жасанды интеллект элементтерін енгізу жоспарланған.
Ал қазақстандық TrustExam.ai стартапының қашықтан аттестаттау жүйесі Ресей, Канада, Үндістан және АҚШ-та қолданылады. "Газпромнефтьпен" жасалған келісім аясында компанияның шамамен 100 қызметкері осы жүйе арқылы аттестаттаудан өткен.